Таң-тамаша

Күн сәулесі қандағы холестеринді азайта ма?

Күн сәулесі түскенде теріміз Д дәруменін синтездейді. Кейбір деректер бойынша, осы процесті жүзеге асыру үшін адам ағзасы холестеринді қолданады.

Жүргізілген зерттеу нәтижесі жаздыкүні аулада бақша өсіру сынды жұмыстар жасағанда қандағы холестерин деңгейінің азаятынын дәлелдеген. Алайда оның азаю мөлшері тым аз болып, денсаулыққа айтарлықтай оң әсерін тигізеді деп тұжырымдау қиын. Ендеше холестеринді азайтуда өнімділігі жоғары Жерорта теңізі диетасын ұстанған дұрыс. Бұл түрдегі диетаның біздің қан тамырымызды бітеп тастайтын “жаман” типтегі холестеринді барынша азайтып, жүрек ауруының алдын алатынына дәлелдер жеткілікті. Ал Жерорта теңізі диетасы, қарапайым тілмен айтқанда, күнделікті тұрмыста көкөніс, жеміс-жидек, жаңғақтар және зәйтүн майын көп тұтыну деген сөз.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button