Банан қабығын жеуге бола ма?

135
Image by Alexas_Fotos from Pixabay

Бананның қабығы көмірсулардан (шамамен 60 %), талшықтардан (30 %), су және аз мөлшердегі ақуыз бен майдан тұрады. Банан қыбығы қалың әрі ондағы талшық құрамы жоғары болғандықтан, қатты әрі дәмі кейде ащы болып келеді. Дей тұрғанмен, оны жеуге болады. Оның құрамында калий және марганец сынды көптеген минералдар бар. Смузи дайындағанда неге біреуін қосып көрмеске?! Ақталмаған бананды жуып, екі ұшын кесіп тастап, тураңыз да 200 мл сүт немесе йогурт және бір шымшым даршын қосып, араластырыңыз. Смузи дайын.

Жауап жазу

Көмментарияны енгізіңіз
Мұнда атыңызды жазыңыз