Ми қызыметін бақылайтын рюкзак

144
ми сканері
TOPALOVIC ET AL./NEURON

Ми құрылымын бейнелеуге арналған Функционалды магниттік резонанстық томография (ФМРТ) сияқты сканерлеу аппараттарының көлемі кішігірім автокөліктей болады және құны миллион доллардан асады. Сонымен қатар, бейнені анық түсіру үшін науқастар сканерлеу аппаратында бір сағат шамасында қозғалмай жатуы қажет. Тағы бір мысал ол ауыр дәрежедегі депрессияны емдеуге қолданылатын транскраниальды магниттік стимуляция (ТМС) аппараты. Науқас емделу үшін қозғалмастан 30 минут шамасында зертханада тікесінен тік тұру керек. Міне бұл бүгінгі таңдағы жүйке жүйенің қызыметін тексеретін және емдейтін аспаптардың кемшіліктері.

Осы кемшіліктерді жою мақсатында Лос-Анджелес Калифорния университетінің ғалымдары жеңіл портативті аппарат ойлап тапты. Оны ғалымдар «Ми қызыметін жазу және стимуляциялау платформасы» деп атаған. Бұл аспапты рюкзак секілді арқаға асып жүруге болады.

Аспаптың құрылымы және жұмыс механизмі мынадай: 4 килограм салмақтағы рюкзактан шыққан ұзын таяқша науқастың дәл төбсіне жетеді. Бұл таяқша адамның миына орнатылған имплант пен ақпарат алмасады. Ал рюзактың ішінде таяқша арқылы импланттан келген ақпаратты уақтылы жинап өңдеп отыратын құрылғы орнатылған. Сонымен қатар, ми қыртысының әрекетін бақылайтын электроэнцефалография шапка,  көз қозғалысын бақылайтын виртуалды көзілдірік, жүрек және тыныс алу ритімін бақылайтын басқа да түрлі құрылғылар да бұл аппаратқа қосымшасы болып табылады. Нақты мақсаттарға байланысты оларды да рюкзактағы негізгі аппаратқа қосып қолдануға болады. Қосымша құрылғылардан жиналған барлық мәліметтер мидағы импланттан алынған сигналмен синхрондалып отырады.

Ғалымдардың айтуынша, бұл аспаптың артықшылығы сол, ол сан түрлі мәліметті бір жолда жинай алады. Зертханалық тестілеуде зерттеу тобы бұл рюкзак қозғалыс кезінде де науқастар жүйке жүйесінің әрекетін жаза алатындығын және мидың түрлі бөліктеріне стимуляция жасай алатындығын дәлелдеген. Сонымен қатар, ФМРТ және TMС апараттарымен ұқсас нәтижеге қол жеткізуе болатындығы анықталған. Бұл адам қозғалыста болған жағдайда мидың қалай жұмыс істейтіндігін түсінуімізге де көмектеседі дейді ғалымдар.

Бірақ бұл аспаптың кемшілігі тек миына имплант орнатылған науқастарға ғана қолданыла алатындығында. Қазіргі таңда әлемде шамамен 150 мың адамың миында имплант бар. Бұл имплантты дәрігерлер паркинсон және эпилепсия сияқты түрлі жүйке жүйе ауруы бар науқастарды емдеу және бақылау үшін қолданып отыр.

Аударған – Бүркітхан Ақбай

Жауап жазу

Көмментарияны енгізіңіз
Мұнда атыңызды жазыңыз