Табиғатта болатын кейбір бактериялардың электр қуатын өндіру қабілеті болады. Бұны ғалымдар бұрыннан біледі. Ал сол электр қуатын тұрмыстық мақсатқа алуға бола ма деген сұраққа кейбір ғалымдар «иә» деп сенімді жауап беріп отыр. Sciencemag журналының хабарлауынша батпақтың оттегі жетпейтін төменгі қабатында жиналған күкіртсутегін ыдырату арқылы қоректенетін микроорганизм бар. Олар шамамен 5…
Category: Биология
Әлеуметтік қашықтық сақтау жануарлар арасында қалыпты құбылыс
КОВИД-19 пандемиясы басталғалы бері әлеуметтік арақашықтық мәселесі әлем елдері өмірінің күн тәртібінен түспей келеді. Бұл адамзат үшін көптеген қиындықтар тудырды. Алайда, жалпы тіршілік әлемінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау кең тараған құбылыс. Тамыздың 12 күні жарияланған бір ғылыми мақалада ғалымдар жануарлардың жұқпалы аурудан сақтану үшін түрлі тактикалар қолданып әлеуметтік қашықтық сақтауы туралы…
Тіл тек адамзаттың жеке меншігі емес
Ұзақ жылдардан бері ғылым әлемінде тіл тек адамзатқа ғана тән қабілет деген пікір қалыптасқан. Маусымның 26 күні Гарвард университетінің ғалымы Стивен Ферриньо бастаған зерттеу тобы бұл түсінікке түбегейлі өзгеріс алып келді. Тілдік қабілет ол адамзаттың «рекурсивті тізбектерді» құра білу қабілетімен тікелей байланысты. «Рекурсивті тізбектер» бір сөйлемнің ішіне тағы бір сөйлем…
Генетикалық түрлендірілген тауықтардың жұмыртқалары қатерлі ісікті емдей алады
Эдинбург университеті Рослин институтының ғалымдары генетикалық түрлендірілген тауықтарды өмірге әкелді. Ол тауықтардың ерекшілігі сол, жұмыртқасында адамның иммунды жүйесі аурумен күрескенде қолданатын ерекше ақуыздар бар. Бұл ақуыздар қатерлі ісікті емдеуде қолданылатын дәрілер құрамындағы ақуыздармен бірдей. Енді осы зерттеудің арқасында осы тәріздес дәрілерді арзан жолмен жаппай өндіруге жол ашылмақ әрі бұл әдіс…
Жарғанат вирусты қалай тасымалдайды? – «Супер» иммундық жүйе
Қазіргі таңда бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған SARS-Cov-2, 2003 жылғы SARS, және 2013 жылғы MERS вирустары коррнавирус тобына жататындығын жазған болатынбыз. Ғалымдар аталмыш вирустардың басты тасымалдаушысы жарғанат деп есептеп келеді. Бір қызығы, бұл вирустар адамдар арасында жылдам таралып мыңдаған адамдардың өмірін жалмасада, олардың тасымалдаушысы жарғанатта еш ауру белгілері байқалмайтын көрінеді….