ITЖаңалықтар

Екі жылдан кейін компьютердің жылдамдығы 100 миллион есе жоғарылайды

«Science» журналының хабарлауынша IBM компаниясы 2023 жылы 1121 кубит кванттық компьютер жасап шығуға бел буып отыр.

Кванттық компьютер дегеніміз қазіргі қолданыстағы компьютердің негізгі концепциясынан өзгеше принциппен, яғни кванттық механика заңдарына сүйене отырып жұмыс істейтін компьютер. Дәстүрлі компьютерлер жадта сақталған «бит» деп аталатын «0» және «1» сандарын оқу арқылы жұмыс істесе,  кванттық компьютер фотон және электрон сияқты бөлшектердің супер позициядағы кванттық жағдайы «кубит» арқылы жұмыс істейді. Яғни дәстүрлі компьютердің концепциясымен айтқанда кванттық компьютер «0» және «1» сандарының біріккен кванттық жағдайын оқу арқылы жұмыс істейді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Осы себептен де кванттық компьютер дәстүрлі компьютерге қарағанда алгоритм есептеулерде аса жылдам болып табылады. Кванттық компьютер 53 кубитті есептей алатын жағдайға жеткенде, оның есептеу қуаты дәстүрлі компьютер есептей алмайтын аса ауқымды әрі күрделі есептеулерді шеше алатын болады. Бұндай есептеу қуатын ғалымдар «Кванттық үстемділік» деп атайды. «Кванттық үстемділікке» «IBM» компаниясы 2019 жылдың қаңтар айында қол жеткіздік деп жариялаған болатын. 2019 жылдың қазан айында «Google» компаниясы да ұқсас жетістікке жеткен.

Енді міне «IBM» компаниясы бір жылдан кейін қуаттылығы 127 кубит, 2022 жылы 433 кубит, ал 2023 жылы 1121 кубит кванттық компьютер жасаймыз деп уәде беріп отыр. Ғалымдардың болжамы бойынша кванттық компьютер толығымен жүзеге асқанда адамзат жасанды интеллекті игеріп, жаңа ғылыми дәуірге аяқ басады және ғарышты толық игеруге кіріседі.

Дегенмен кванттық компьютерді жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұған себеп оның негізгі бөлшегі болып саналатын аса кіші асқын өткізгіш метал тізбектері абсолютті нөл температурада сақталуы қажет. Тек осындай абсолютті нөл температура жағдайында ғана кванттық жағдай тұрақты жұмыс істейді. Ал жер бетінде мұндай жағдайды қалыптастыру аса қиын болып табылады. Сонымен қатар, кванттық жағдай сыртқы ортаның оған ешқандай ықпал етпеуін қатаң талап етеді, әйтпегенде компьютердің дәлдігіне нұқсан келеді. Сондықтан да кванттық компьютердің дәлдігін арттыру оны дамытудағы ең қиын кедергілердің бірі.

Дайындаған – Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button