ITЖаңалықтар

«StarLink» интернет жылдамдығының соңғы тест қортындысы шықты

Осы жазда сайтымызда Илон Масктың «SpaceX» компаниясы жүзеге асырып жатқан «StarLink» бағдарламасы туралы жазған болатынбыз. Бұл бағдарлама бойынша компания Жердің төменгі орбитасына 12 000 жерсерігін орналастырып бүкіл әлемді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етпекші.

«Arstechnica» сайтының хабарлауынша тамыз айының басынан берін тұтынушылар арасында «StarLink» интернет қызметін сынақтан өткізу жүргізілген. Алайда бұл жолғы тест коммерциялық құпия болғандықтан ол туралы толық ақпарат жоқ. Бар болғаны интернет жылдамдығы туралы аз тола ақпарат қана.

Тараған ақпаратқа қарағанда «StarLink» интернетінің жүктеу жылдамдығы 11Mbps пен 60Mbps аралығында (әр секундына 11 – 60 мегабайт). Ал интернеттің кідірісі 20-21 миллисекунд аралығында делінген. Ал кері жүктеу жылдамдығы 5Mbps to 18Mbps аралығында болған.

Ал бұндай жылдамдық қолданушылар үшін тез бе әлде баяу ма дегенге келер болсақ. Илон Масктың өзінің айтуы бойынша «StarLink» бағдарламасы толық жүзеге асқанда ол ұсынатын интернет қызметінің жылдамдығы кезкелген онлайн ойынды ойнау үшін жеткілікті болады. Яғни, қызмет толығымен іске қосылғанда «StarLink-тің» интернет жылдамдығы секундына 1 гигабайттан асуы керек. Сондықтан қазіргі жылдамдық тұтынушылар үшін тым тартымды деп те айтуға келмес.

«Speedtest» сайтының дерегіне негізделсек әлем бойынша кең жолақты интернеттің орташа жылдамдығы 81.46 Mbps, ал АҚШ-та кең жолақты интернеттің орташа жылдамдығы 152.60 Mbps. Қазақстанда бұл көрсеткіш 46.51 Mbps. Дегенмен әлем бойынша ауылдық жерлерде интернет қызметі тым жақсы емес. Сондықтан «Starlink» жобасының көздеп отырғаны да осы ауылдық жерлердегі нарық. АҚШ-та ауылды жерлердегі интернет жылдамдығы шамамен 7 Mbps , немесе одан да төмен. Қазақстанның кей бір ауылында интернет атымен жоқ екені көпке мәлім. Сондықтан бұл жобадан әлемнің біраз халқы игілік көреді деп сенеміз.

Дайындаған – Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button