МедицинаТаң-тамаша

Коронавирустың құрылымы қандай? Қалай таралады? Адам ағзасына қалай енеді?

Вирус өсіп-өніп таралу үшін міндетті түрде екінші бір организмді керек ететін тек қана микроскопен көруге болатын микроорганизм. Ғалымдар вирусты 19 ғасырдың соңы және 20 ғасырдың басында байқаған. Содан бері әлем бойынша 200 ге жуық вирус анықталып үлгерді және жылына үш-төрт жаңа вирус анықталуда. Қазіргі таңда бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған коронавирус солардың ішіндегі ең жаңасы.

Халық арасында коронавирус деген атпен таралып кеткен вирус ғылыми тілде SARS-CoV-2 деп аталады, себебі аталмыш вирустың генетикалық құрылымы 2003 жылы таралған SARS-Cov вирусымен 90 пайыз ұқсас. Ал SARS-CoV-2 тудыратын ауру Covid-19 деп аталады. Коронавирус вирустар тобының атауы, ол кәдімгі тұмаудан бастап 2003 жылы Қытайда пайда болған SARS және 2013 жылы Сауд Арабиясында пайда болған MERS ауруларын тудыратын SARS-Cov, MERS-Cov вирустарын өз ішіне алады.

Коронавирус

Аталмыш вирустың биологиялық құрылымына карап көрейік. SARS-Cov-2 төрт негізгі ақуыздан құралған (Суретте көрсетілгендей). Олар – вирустың ең сыртқы бетінде орналасқан бүршік ақуыздар, вирустың сыртқы бетін қорғап тұратын қабықша ақуыздар, вирус қабықшасының сыртқы қабатын құрайтын мембраналық ақуыздар және вирустың генетикалық материалын қоршап тұратын ядролық қабықша ақуыздар. Ғылыми зерттеу нәтижелеріне негізделгенде бүршік ақуыздар өкпе, ішек және қан тамырлардағы рецепторларға (қабылдаушы ақуыздар) байланады да, жасушалардың мембраналарын бұзып кіреді. Жасуша ішіне кіргеннен кейін вирус жасушаның энергия қабылдау, қорек алу және көбею сияқты түрлі механизмдерін өз пайдасы үшін қолданып неше мың есе көбейіп алады да жасушаны өлтіріп келесі жасушаларға шабуылға өтеді. Міне осылай адам ағзасындағы барлық органдарға жылдам тарап кетеді.

Коронавирус таралу жолы

Вирус таралуының бірнеше жолы бар. Бірінші, вирус жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз қуысынан бөлініп шыққан сұйық түйіршіктер арқылы таралады. Себебі вирус жұқтырған науқастың ауыз қуысындағы сілекей немесе басқа жабысқақ сұйықтықтарда вирус болады. Науқас жөтелген немесе түшкірген сәтте сүйық тамшылар көз, ауыз және мұрын қуысы арқылы екінші бір адамға таралады (Суретке қараңыз). Екінші таралу жолы – жұқтырған науқаспен қол алысып немесе жұқтырған науқастың ұстаған заттарын қолмен ұстап, одан соң ауыз, мұрын немесе көзді ұстасағанда, қол терісіне жабысқан вирус осы орындардағы сұйықтық арқылы адам ағзасына таралды.

Өкінішке орай SARS-Cov-2 ге қарсы нақты бір ем табылған жоқ. Дегенмен әлемнің әр елінде 30-дан астам биотехнологиялық компания және ғылыми зерттеу орыны осы вирусқа қарсы вакцина табу жолында күрес жасап жатыр.

Дайындаған: Бүркітқан Ақбайұлы

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button