
GPS (Global Positioning System, жаһандық позициялау (орын белгілеу) жүйесі) – бұл жүйе ғарыштағы жерсеріктер мен жер бетіндегі қабылдаушы (жерсеріктен тараған сигналдарды қабылдайтын құрылғы) арасындағы тығыз байланыстың арқасында нысан орнын дәл белгілей алатын жүйе. Сонымен қатар, нысан қозғалыста болса GPS оның қандай жылдамдықта, қай бағытқа кетіп бара жатқанын да көрсетіп бере алады.
GPS АҚШ әуе күштерінің бақылауында. Планетамызды айналып жүрген 30-дан астам жерсерігі жер бетімен тұрақты түрде сигнал алмасып отырады. Бұл GPS сигналдарды сәйкесті антенна орнатылған кез келген құрылғы қабылдай алады. Егер сіз ұялы телефоныңыздағы GPS батырмасын қоссаңыз сіздің құрылғыңыз ғарыштағы жерсерігімен байланыс орнатып өз орынын есептеп, деректерді сол жерсеріктеріне жібереді де, сіздің орыныңыз картада көрініс табады. Егер сіз баратын жеріңізді картаға енгізсеңіз, карта белгілі алгоритмдерге сүйене отырып бір нүктеден екінші бір нүктеге қалай жетуге болатынын көрсетіп береді.

Жерсеріктерінің ғарыштағы орынын және олардың батареясының жағдайын жер бетіне арнайы жабдықталған станциялар бақылап, біліп отырады. Бұл станциялар тіпті жерсеріктерінің орынын да өзгерте алады.

Бұл жүйені күнделікті өмірде көптеп кездестіреміз. Ұялы телефон, машина және жануарлардың мойнына тағатын сақина сиқяты түрлі құрылғылар да әр түрлі мақсатта қолданылып жүр. Адамдар жоғалып кетуі мүмкін кез келген затқа GPS қабылдағышты таға алады. Бұл елімізде мал шаруашылығымен шұғылданып жүрген азаматтар үшін де аса көп қолайлылықтар тудырып отыр.

Бірақ есте болатын бір жәйіт GPS сигналының әлсіздігі. ғимараттар мен таулар бар жерлерде сигнал кедергіге ұшырап, құрылғының орны дәл көрсетілмей қалады.