Таң-тамаша

Айды күндіз неге көре аламыз?

Ай жерге ең жақын аспан денесі болғандықтан оның бізге әсері де көп.

Айға байланысты табиғат құбылыстарының қатарында теңіздің тасуы, айдың тұтылуы, күннің тұтылуы, айдың толысып ортайуы сияқтылар бар.

Ал айды күндіз де көре алатын себебіміз айдың күн сәулесін өте күшті шағылыстыра алатынымен байланысты. Ай жер бетіне жақын болғаны соншалық оған күннің сәулесі түскенде, күн сәулесі бізге еш кедергісіз жетеді де біз айды көре аламыз. Қараңғы түнде айдың жарығы болса біз қол шырақсыз ақ жүре береміз емес пе!? Тіпті күндіз күн сәулесі жер бетін жарықтандырып тұрған кезде де айдан шағылысқан күн сәулесі бізге жетеді. Сондықтан біз айды күндіз де көріп жүреміз.

Алайда күн жүйесіндегі басқа планеталар мен олардың серіктерінен шағылысқан күн сәулесі бізге жете бермейді. Сондықтан да біз оларды үнемі көре бермейміз. Дегенмен Шолпан (Венера) планетасын біз кей күндері таң бозарғанда немесе кеш батарда көріп қалып жатамыз. Бұның себебі түнде көп жұлдыздар арасынан Шолпанның жарығы менмұндалап тұрмағандықтан оған мән бермейміз. Тек таң атар сәтте немесе кеш батқанда басқа жұлдыздардың жарығы күн сәулесінің әсерінен көмескіленген кезде ғана Шолпанның жарығы бізге менмұндалап тұрады. Күн көтеріліп, жарығы бар әлемді нұрландырғанда Шолпан да күн сәулесінің жер бетіндегі күшті әсерінен көрінбей қалады.

Ойланып көріңізші, қалада жұлдыздар бізге өте сирек көрнеді, ал ауылды жерге барсаңыз түнгі аспанда жұлдыздар самсап тұрады. Бұның себебі неде? Әрине, Бұл да жоғарыда айтып өткен заңдылыққа бағынатын құбылыс. Яғни, қалада түрлі көше шамдарының жарығы алыс ғарыштан жеткен жұлдыздардың жарығына кедергі келтіреді де біз оларды көре алмай қаламыз. Тағы бір себеп қала ауасының ластануы болуы да мүмкін. Яғни қаладағы ауада қалқып жүретін түйіршіктер тым көп болғандықтан олар әлсіз жарықты жер бетіне дейін өткізбейді. Сондықтан бізге көптеген жұлдыздар көрінбей қалады.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button