Таң-тамаша

Оттың көлеңкесі бола ма?

Әрине болады. Дегенмен оттың көлеңкесі сіз ойлағандай болмауы мүмкін. Көлеңке дегеніміз жарық кедергіге ұшырап бөгелгенде немесе бағыты бұрылған кезде пайда болатын құбылыс. Көлеңке түскен жер ол жарықтың жетпеген немесе аз жеткен тұсы. Көлеңке жарыққа кедергі келтірген заттың пішінімен бірдей  болып келетіні сондықтан. Дегенмен біз көлеңкені сол заттың түсірген бейнесі деген жаңсақ ойда боламыз.

Ал ендеше отта көлеңке болуы үшін от жарықтың жолын бөгеуі тиіс. Дегенмен оттың өзінің жарығы болатындықтан оттың көлеңкесін түсіру біраз еңбекті талап етеді. Ол үшін сізде оттың жарығынан да қуатты жарық көзі болуы керек. Бұл қуатты жарықты отқа (жалынға) қарай бағыттағанда жалын бұл жарықтың біразын бөгеп немесе бұрып жібереді де жалынның бейнесі қарсы жақтағы қабырғаға немесе жерге түседі.

Бұл қалай? Себебі жалын тек жарық көзі емес. Ол ыстық оттегі молекулалары мен сутегі молекулаларынан, жанудан пайда болған бу түріндегі су молекулаларынан, басқа элементтердің молекулалары мен атомдарынан және жарықтан тұрады. Бұл жағдайдағы ыстық ортаға сыртқы жарық көзінен сәуле келіп жеткенде рефракцияға тап болады, яғни жарық сынады. Солайша сыртқы жарық жалыннан толық өте алмайды да бір бөлігі жан жаққа шашырап кетеді.

Нәтижесінде жалынның бейнесі көлеңке болып түседі. Дегенмен, жалын үздіксіз қозғалып тұратындықтан да оның көлеңкесі «билеп» тұрады.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button