Таң-тамаша

Темірден алтын соғуға бола ма?

Қысқаша жауап: Әрине болады.

Толығырақ тоқталар болсақ: Бұл тақырыпты көргенде ойыңызға бірден Алхимия келері даусыз. Әрине, Алхимия ежелгі дәуірде (б.з.б. II-VI ғасыр) александриялық мәдениеті кезінде пайда болған химия ғылымының ғылыми және мәдени дәстүр. «Ғылыми» дейміз-ау, ол дәстүр болғанымен ғылымилығы аздау дәстүр еді. Яғни ол замандарда темір сияқты металлдарды сол кездің технологиясымен алтынға айналдыру мүмкін де емес еді. Сондықтан да бұл тек сиқыр өнеріне жақындау практика болатын.

Адамзат ядролық физика дәуіріне өтіп, ядролық энергияны меңгере бастаған 20 ғасырда ғана зертханада бір элементті екінші элементке өзгертуге мүмкіндік ашыла бастады. Мысалы біз білетін атом электр станциясы дәл осындай принциппен жұмыс жасайды. АЭС реакторының ішінде уран элементі нейтроның соққылауы нәтижесінде өзгеріске түсіп жаңа элементтер пайда болады. Осы үдеріс барысында өте қуатты энергия таралады.

Ядролық бөліну

Әрине, АЭС-те жүзеге асатын реакция ол ауыр элементтердің басқа жеңілдеу элементтерге бөлінуі болып табылады. Мысалы уранның ыдырауынан йод, цезий, стронций, ксенон және барий изотоптары пайда болады.

Ал бұл процессті кері жүргізуге бола ма? Әрине болады. Негізі бұл ауыр элементтер де әлем жаралғанда жеңіл элементтерден ядролық синтезделу арқылы пайда болған жоқ па?! Күн сияқты жоғары температурада жанып тұратын жұлдыздарда ядролық синтезделу әлі де жалғасып жатыр. Мысалы біздің күнде сутектің изотоптары бірігуі арқылы (ядролық синтезделу) гелий элементі пайда болады.

Үлкен жұлдыздар сутегін синтездеп бітірер сәтте өз салмақтарына шыдамай қабыса түседі, осы сәтте жоғары температура мен жоғары қысым салдарынан литий немесе гелий атомдары көміртек атомдарына бірігеді.  Тіпті де үлкен жұлдыздарда бұл үдеріс бірден тоқтамайды. Бұл жұлдыздар ішінде темір сияқты ауырлау элементтер пайда болады. Ішке қарай қабысу (Коллапс) процессінде жоғары температура мен жоғары қысым жұлдыздардың жарылысына әкеліп соғады. Осы сәтте тіпті де ауыр элементтер, мысалы алтын, күміс, платина т.б пайда болады.  

.

Гелий-4 құратын тритий мен дейтерийдің синтезі

Адамзат ядролық бөлінуді меңгергенімен ядролық синтез технологиясын әлі меңгере қойған жоқ. Өткен бір жаңалығымызда қытайлық ғалымдардың «жасанды күнді» жасап шыққаны жайлы жазған едік. Дегенмен ол да ядролық синтездеу технологиясын меңгерудің алғашқы қадамы ғана. Ядролық синтездеуді жүзеге асыру үшін өте көп энергия қажет ететіндіктен оны жоғары деңгейде меңгеру үшін адамзат әлі де біраз уақыт еңбектену керек.

Сондықтан теориялық тұрғыдан айтар болсақ, темірден алтын соғуға әрине болады. Дегенмен оны жүзеге асыру үшін адамзат ядролық синтездеу технологиясын толық меңгеруі тиіс.

Мақаланы дайындаған Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button