Таң-тамаша

Динозаврларда шаш болған ба?

Динозаврлар біздің заманымыздан 60 миллион жыл бұрын жер бетінде ең кең таралған тіршілік иелерінің бірі. Олар қазіргі құстардың арғы атасы және бауырымен жорғалаушылардың арғы туысқаны болып келеді.

Олардың кей біреулерінің денесі ірі болғаны соншалық, адам оның жанында кішкене тышқандай болып қалар еді. Бізге белгілі суреттер мен фильмдерде динозаврлар көбінде денесі қабыршақты, немесе крокодилдың терісі сияқты қатқыл терісі бар етіп бейнеленеді. Дегенмен олар шынымен солай болды ма?

Олардың денесінде түк болған

Бір қатар ғалымдар мен археологтар олардың бір неше түрлерінің денесінде түк болғанын айтады.

Мысалы, фантастика фильмдерінде жиі бейнеленетін жыртқыш динозавр T-Rex-тың желкесі мен жонында жал тектес қылдары болған деген болжамдар айтылады.

T-Rex

Ал 30 жуық түрлерінде, мысалы тираннозаврлар және дромеозаври́лардың денесінде қауырсын болғаны дәлелденген. Дегенмен, олардың көбісі ұша алмайтын көрінеді.

Жарғақ қанатты диназавр

Тағы бірнеше түрлері жарғақ қанатымен қалықтап ұшатын болған. Яғни, кәдімгі жарқанатікі сияқты қанаттары болған.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button