Жаңалықтар

Тіршілік үшін құрлықтағы өмір мидың дамуына орасан зор әсер еткен

Шамамен 380 миллион жыл бұрын теңіз жануарлары біртіндеп құрлыққа шыға бастаған. Дәл осы сәттен бастап жануарлардың болжау мен жоспарлау қабылеті пайда болған деп жазады АҚШ-тың ғалымдары.

Угуркан Муган мен Малкольм А. Макивер АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университеті Робототехника және био-жүйелер орталығының зерттеушілері. Олардың жақындағы зерттеу тақырыбы жануарлардың танымдық дамуына арналған.

Бұрынғы зерттеулерге негізделсек тіршілік суда пайда болса да су астында олар нашар көретіндіктен олардың қауіп-қатерге деген реакциясы өте баяу болады. Яғни су жануарлары қауіпті алыстан байқай алмайтындықтан қауіп тым жақындағанда ғана жалт бұрылып қашады. Сәйкесінше оларда алдын ала болжам жасау, өз әрекетін жоспарлау деген сияқты қабілеттері дамымаған.

Құрлықтағы тіршілік басталғалы бері, тұнық ауа мен ашық кеңістікте жануарлардың көру аумағы мен көру қашықтығы едәуір ұлғайған. Осы дамудың нәтижесінде олар өздеріне төнетін қауіп-қатерді алыстан байқайтын болды. Бұл әсіресе омыртқалылар арасында айқын байқалады.

Жануарлардың жыртқыштардан қорғану ерекшелігіне компьютерлік симуляция жасаған зерттеушілер көру мүмкіншілігі мен жер бедерін өзгерту арқылы олардың аман қалу мүмкіндігін саралаған. Симуляция нәтижесі көрсеткендей көру мүмкіншілігі жоғары болғанда және ашық алаңдар мен кедергілер аралас кеңістіктер көбірек болған жағдайда жануарлардың тірі қалуы да едәуір жоғары болған. Африка құрлығындағы кең байтақ саванналар осындай ортаның дәл мысалы бола алады. Ғалымдардың пікірі бойынша кең саваннадағы ашық алаңдар, шашыраңқы өсетін ағаштар мен бұталар жануарлардың жауының және өзінің қимыл-әрекетін алдын ала болжап, сәйкесті қимыл стратегияларын қабылдауына жетелейді. Бұл эволюциялық іріктеудің айқын көрінісі.

Ғалымдар бұны ми қызметінің дамуы мен түсіндіреді. Қазіргі теориялар бойынша жануарлардың болжам жасап икемді шешім қабылдау қабылеті мидағы гиппокамп пен префронтальді кортекстің арасындағы өзара әрекеттесуін қажет етеді. Құрлықтағы алысты көру мүмкіншілігі, ашық кеңістік пен кедергілер арасында бұлтарып әрекет жасау жануарлардағы бұл екі ми құрылымының қарқынды дамуына ықпал еткен. Солайша олардың болжам жасау және жоспарлау қабылеті де дамиды.

Авторлардың пікірі бойынша адамзат ақылының дамуы да кең саваннада аңшылықпен шұғылданған кезінде қарқынды дамуға қол жеткізген.  

Дайындаған – Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button