ЖаңалықтарМедицина

Бойдақтық адам өмірін ұзартуы мүмкін

АҚШ зерттеушілері Вашингтон штатындағы 75 жастан асып қайтыс болған қарттардың өмір сүру жағдайына қатысты деректерді талдап олардың ұзақ өмір сүруіне әсер еткен факторларды анықтаған.

Зерттеу үшін Вашингтон штатының денсаулық сақтау департаменті денсаулық статистикасы орталығынан 2011-2015 жылдар аралығында қайтыс болған қарттар туралы деректер жиналған. Бұл деректерде қайтыс болған қарттардың жынысы, нәсілі, білімі, отбасылық жағдайы және қайтыс болғанға дейін тұрған жері туралы ақпараттар қамтылған.

Барлығы 144,665 адамның дерегі талданған. Қарттардың орташа жасы 86, ең үлкені 114-те. Дегенмен бұл адамдардың арасында 100 жасқа жеткендер не бәрі 1.4%-ды құраған. Ұзақ өмір сүрген қарттардың тек 26%-ның жоғары білімі болған, 74 пайызының білімі орта немесе одан да төмен. Тек 33% қарттар ғана отбасылы болған, қалғандарының жұбайы қайтыс болған немесе мүлдем үйленбеген.

Деректерге түрлі статистикалық талдаулар жасаған ғалымдар қорытындыны былай шығарады: Қарттардың тұл немесе жесір (немесе бойдақ) болуы, жоғары әлеуметтік экономикалық мәртебесі, төмен білім деңгейі және тұратын ауданындағы жаяу жүруге арналған инфрақұрылымның жақсы болуы қатарлы факторлардың барлығы олардың ұзақ өмір сүруіне оң ықпал еткен.

Зерттеу тобының пікірі бойынша ұзақ өмір мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы нақты қандай себеп-салдарлы байланыс бар екенін тағы да зерттей түсу керек.

Дайындаған – Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button