ЖаңалықтарТарих

Ашаршылықтың айтылмаған қыры

1916 жылдан 1933 жылға дейінгі үш дүркін ашаршылық қазақ даласын орасан зор шығынға ұшыратты, шашамен 5 миллионға жуық қазақтың қырылуына себепші болды (Мұхтар Әуезов, Бүркіт Аяған сияқты әйгілі жаузушы тарихшылардың дерегі бойынша). Осыншама көп адамның өмірін жалмаған ашаршылықтың экономикалық және демографиялық зардаптары зерттеліп айтылғанымен, оның ұлтымыздың кейінгі ұрпақтарына тигізген физиологиялық және психологиялық әсері әліге зерттелмеген елеусіз тақырып.

Шетел ғалымдарының зерттеуіне негізделетін болсақ, ашаршылыққа ұшыраған адамдарда және олардың ұрпақтарында физиологиялық және психологиялық өзгерістер орасан зор болған. Ашаршылықтың аталмыш зардабын АҚШ, Ирландия, Франция және Қытай ғалымдары алғаш зерттеген. Олар үш түрлі топтағы адамдарға зерттеу жасап көрген: 1) ашаршылық кезеңінде өмір сүрген адамдар тобы; 2) Ашаршылық кезеңінде ана құрсағында болған адамдар тобы; 3) және сол адамдардың қазіргі таңдағы ұрпақтары.

Зерттеу нәижесі бірінші топатағы яғни ашаршылық кезеңінде өмір сүрген адамдарда психикалық аурулар, интелектуалды мүгедектік және эпилепсия сияқты аурулар басым болатыны байқаған. Ашаршылқ кезеңінде немесе ашаршылық аяқаталысымен дүниеге келген адамдарда немесе олардың ұрпақтарында Шизофрения (созылмалы психикалық ауру) пайда болу мүмкіндігі 2 есе жоғары болған. Мұның себебін ғалымдар аштық пен стерсстің салдарынан балалық шақта мидың дамып жетілуі толыққанды болмағандықтан деп түсіндіріп отыр. Сонымен қатар бұл адамдарда қантамырдың майлануы және қан ұюының қалыпсыздығы сияқты түрлі жүекқантамыр аурулары мен денедегі май құрамының қалыпсыздығы сияқты сөзылмалы аурулардың туындау мүмкіндігі өте жоғары болған. Сонымен қатар осы аурулар бірнеше ұрпаққа дейін жалғасуы әбден мүмкін деген тұжырым айтқан. Аталмыш ауруларыдң ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы Эпигенетикалық өзгеріске, яғни құрамындағы этил және ацетил группалары өзгеріске ұшыраған гендердің тұқым қуалауының салдарынан келіп шыққан болуы мүмкін дейді ғалымдар.

Кортып айтар болсақ, ашаршылықтың зардабы ашаршылықтың аяқталуымен бірге тоқталмайды, оның адам баласына жасайтын физиологиялық және психологиялық әсері ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Алайда аталмыш зардаптың қанша ұрпаққа дейін жалғасатыны әзірге белгісіз. Қазақ даласында жүрілген ашаршылықтың қазақ ұлтының психологиясына қаншалықты әсер етті екен? Бұл да қазақ ғалымдары үшін үлкен зерттеу тақырыбы болары даусыз.

Мақаланы дайындаған Бүркітқан Ақбайұлы.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button