БиологияЖаңалықтар

Жарғанат вирусты қалай тасымалдайды? – «Супер» иммундық жүйе

Қазіргі таңда бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған SARS-Cov-2, 2003 жылғы SARS, және 2013 жылғы MERS вирустары коррнавирус тобына жататындығын жазған болатынбыз. Ғалымдар аталмыш вирустардың басты тасымалдаушысы жарғанат деп есептеп келеді. Бір қызығы, бұл вирустар адамдар арасында жылдам таралып мыңдаған адамдардың өмірін жалмасада, олардың тасымалдаушысы жарғанатта еш ауру белгілері байқалмайтын көрінеді. Бұл ғажайып құбылысты түсіну үшін Канада Саскатчеван Университетінің (University of Saskatchewan) ғалымдары MERS вирусы мен жарғанат ортасындағы байланысты зерттеп көрген.


Зерттеу нәтижесінде ғалымдар вирустың жарғанат жасушаларын өлтірмейтіндігін, керісінше вирус пен жарғанат иммундық жүйесі ымыраға келіп, нәтижеде жарғанат иммундық жүйесі вирусты өлтірмей, вирус жарғанаттың иммундық жүйесін құртпай, бірге өмір сүретіндігін байқаған. Бұл жарғанаттың «Супер» иммундық жүйесіне байланысты болуы мүмкін деген болжам жасалуда.

Адамдар арасында көп қойылатын сұрақтардың бірі: Вирус жарғанаттан басқа тіршілік иелеріне қалай таралуы мүмін? Аталмыш зерттеу бұл сұраққада жауап тауып бергендей. Ғалымдардың болжамшы бойынша: бірнеше факторлар – жарғанатты тірідей сату, аурулар, және тіршілік ортасының бұзылуы – жарқанаттарға стресс тудырады, нәтижеде олардың иммундық жүиесінің ретсіздігі пайда болады. Бұның салдарынан вирус пен иммундық жүйе арасындағы тепе-теңдік бұзылыады да, вирус басымдылық алып көбейе түседі және басқа тіршілік иелеріне де тарала бастайды. Тәжірибе барысында MERS вирусының жаңа ортаға бейімделу қабілетінің де жоғары екендігі байқалған. Бұл коронавирус тобындағы вирустардың бір тіршілік иесінен екінші тіршілік иесіне еш қиындықсыз тарала алатындығын көрсетеді дейді ғалымдар.

Аталмыш зерттеу нәтижесі коронавирустың жарқанаттан адамдарға және басқада тіршілік иелеріне таралуының механизмын түсінуге мүмкіндік берері даусыз.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button