Археология

Археологтар осыдан 14,400 жыл бұрынғы нанды тапты

Иорданияның Шығыс-солтүстігіндегі археологиалық аймақтан ғалымдар осыдан 14 400 жыл бұрынғы көшпенділер пісірген нанның қалдығын тапты. Бұл қазірге дейін табылған нан туралы ең көне әрі ең нақты дәлел. Ғалымдар, жабайы дәнді дақылдардан нан жасау көшпенділерді дәнді дақылдарды егуге ынталандырып, жаңа тас дәуіріндегі ауыл шаруашылық революциясының басталуына ықпал еткен деп болжауда. 

Копенхаген университеті, Лондон университет колледжі және Кембридж университетінің зерттеушілерінен құралған каманда 14,400 жылдық тарихы бар “Шубайка 1” деп аталатын  Шығы-солтүстік Иорданиядағы қара құмға орналасқан Натуфиан кошпенділер аймағынан табылған тамақ қалдығын сараптаған. Зерттеу нәтижесі нан жасаудың ең көне әрі ең нақты дәлелін көрсетіп отыр. Зерттеу еңбегі АҚШ-тың “Proceedings of the National Academy of Sciences” жұрналында жариаланған. 

Копенхаген университетінің археоботанисті және осы зерттеу еңбегінің бас авторы Амаия Арранз Отаегу : «Шубайка 1-ден жүздеген тамақ қалдықтарының табылуы ерекше табыс, ол бізге осыдан 14,000 жыл бұрынғы тамақ дәстүрінің қалай болғанын сипаттауымызға мүмкіндік береді. Бұл зерттеуде 24 түрлі тамақ қалдығы сарапталған. Сараптама нәтижесі, арпа, бидай  және сұлы сияқты дәнді дақылдардың жабайы түрі пісірілуден бұрын ұнтақталып, сүзгіден өтіпкзіліп, соңында қолмен иленгенін көрсетіп отыр. Тамақ қалдықтары Еуропа және Түркиядағы жаңа тас дәуірі және Рим аймақтарынан табылған аштылмаған нандарға өте ұқсас. Осылайша, қазір біз ауыл шаруашылығы дамудан бұрын нан сияқты өнімдердің пайда болғанын түсініп отырмыз. Келесі қадам нанды жасау және оны тұтынудың егіншіліктің пайда болуына қандай әсері болғанын зерттеу.» – деді. 

Шубайка 1 аймағындағы қазу жұмыстарына бастамашылық еткен Копенхаген университетінің археологы Тобиас Ричтер : « Натуфиан көшпенділері жайындағы мәліметтер біз үшін өте зор маңызға ие, өйткені олар, адамзат көшпенділіктен отрақтасуға ауыса бастаған өтпелі кезеңде өмір сүрген. Ол кезеңде адамзаттың азық түлік дәстүрі де өзгере бастаған. Левантдағы Натуфиан аймағынан түрлі тас құралдарының табылуы ғалымдарды адамдардың ерте кезден ақ өнімді жолмен өсімдік өсіре бастады деген болжамға келтіріп отыр. Ал Шубайка 1-ден табылған нан қазірге дейін табылған нан жасау туралы дәлелдердің ең көнесі, әрі бұл нан пісірудің егін салудан бұрын қалыптасқандығының белгісі еді. Сондықтан бұл байқау біздің кейбір ойларымызды нақтылай түсті. Шын мәнінде, ерте дәуірде жабайы дәнді дақылдардан нан пісірудің қиындығы мен көп уақыт алуы, кейнгі кезде егіншіліктің дамуына зор қозғаушы күш болғаны даусыз. Жабайы дәнді дақылдарды қолда егу, өз кезегінде азық-түлік жасауды барыша оңайластырған.» – деді. 

Тобиас Ричтер былай деді : « Дания Дербес Зерттеу Комитеті біздің жұмысымыздың жалғасуына қаржылай көмектесетін болды, бұл бізге адамдардың әр түрлі өсімдіктерді және жануарларды қалай азық ретінде пайдаланғанын тереңірек зерттеуімізге көмектеседі. Ертедегі нандар туралы зерттеуіміз болашақта не үшін кейбір ингредиенттер басқа ингредиенттерден артық қолдауға ие болып, ең соңында қолда егуге таңдалғаны туралы толық мәлімет болады.»

Шубайка зерттеу жобасы Дания Дербес Зерттеу Қоры жағынан қаржыландырылған. Иордания Көне Жадыгерлер Департаменті қазу жұмыстарына руқсат берген. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button