Таң-тамаша

Аспан неге көк түсті?

Күн сәулесі ешқандай түсті болмағанымен ол әр түрлі толқынды сәулелердің жиынтығы. Бұл түрлі толқынды сәулелернің түсі әр түрлі. Суреттен көріп тұрғандарыңыздай жарық қызыл, қызыл-сары, сары, жасыл және көк сияқты бірнеше түсті сәулелерден құралған. Әр сәуленің толқыны әр түрлі.

Жарық кезкелген ортадан өткенде түзу тарағанымен, түрлі толқынды сәулелердің тап болатын кедергілері әр түрлі болады. Мысалы, біз жарықтың призмадан өткенде түрлі түсті кемпірқосақ болып көрінетінін білеміз. Бұның себебі призмадағы әйнек атомдары жарықтың әртүрлі толқынды сәулелеріне әр түрлі әсер етеді. Яғни, ұзын толқынды қызыл сәулеге көп әсер етпейді де ол негізінен түзу өтеді. Ал қысқа толқынды көк сәуле және күлгін сәуле әйнек атомдарының ықпалына қатты ұшырап бағыты бұрылып кетеді.

Бос кеңістіктен күн сәулелері еш кедергісіз өткенімен олар жер бетіндегі атмосфераға жеткенде ауадағы түрлі газдардың молекулалары мен атомдарының кедергісіне ұшырайды. Нәтижесінде қысқа толқынды көк сәуле атмосферадағы молекулалар мен атомдардың кедергісінен шағылысып жан жаққа тарайды. Ал басқа ұзын толқынды сәулелер дерлік жер бетіне өтіп кетеді. Сондықтан аспан жаңағы шағылысқан көк сәулелердің нәтижесінде бізге көк болып көрінеді.

Ал, сіз күннің шыққанда немесе батқанда неге қызарып кететінін білесіз бе?

Ойланып көріңіз. Тағы да жаңағы заңдылық. Яғни, түскі уақытта күн сәулесі жер бетіне тік түскенімен, күн батарда немесе шығарда күн сәулесі түс мезгіліне қарағанда атмосферадан қиғаш өтеді. Бұл кезде күн сәулесі атмосферадан өтіп біздің көзімізге жететін уақыты да ұзара түседі. Нәтижесінде атмосферадағы түйіршіктер басқа сәулелердің бәрін шағылыстырып жібереді де бізге тек қызыл сәуле жетеді.

Қызықты ма? Қызық болса бөлісуді ұмытпаңыз.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button