Археология

Ежелгі ДНҚ-ға жасалған сараптама шығыс оңтүстік елдер тарихы туралы 1000-жылдық дауды шешті

Шығыс-оңтүстік Азия әлемде генетикалық түрлілігі ең көп райондардың бірі, бырақ 100 жылдан астам уақыттан бері ғалымдар осы райондағы тұрғылықты халықтардың келу тегі туралы теория хақында бір келісімге келе алмаған. Бір теория 44 000 жыл бұрын  Шығыс-оңтүстік Азия өңірін мекендеген тұрғылықты Hòabìnhian көшпенділері ауылшаруашылықпен айналысып отрақтаса бастаған, шығыс азия егіншілерінің бұл аймаққа көшіп келу жағдайы болмаған деген идеяны қолдаса, екінші теория шығыс азия яғный қазіргі Қытайдан қоныс аударған күріш егіншілері тұрғылықты Hòabìnhian көшпенділерінің орынын басқан деп қарайды.

Жақында ғана бүкіл әлемнің ғалымдары бірлесе отырып Science жұрналында жаңа зерттеу нәтижесін жариалап жоғарыдағы екі теорияның да қате екендігін ашып көрсетті. Бұл зерттеу нәтижесі қазіргі таңдағы Шығыс-оңтүстік Азия халықтарының ата-тегі аз дегенде төрт түрлі байырғы тұрғындардан таралғандығын дәлелдеген.

Малайзия, Таиланд, Филиппин, Ветнам, Индонезия, Лаос және Жапония елдеріндегі 8000-жылдық тарихқа ие адам скелет қалдықтарынан ДНҚ алынып зерттеу үшін қолданылған – бұдан бұрын ғалымдар осы аймақтардың текқана 4000-жылдық тарихқа ие қалдықтардын ғана зерттеп келген еді. Бұл жолы тәжирибе үлгісі үшін Hòabìnhian көшпенділерінің ДНҚ-сы мен Жапония Дзёмон көшпенділерінің ДНҚ-сы да қамтылған – бұл тұңғыш рет ғылымый жақтан осы екі халық арасындағы ұзақ уақыттар бойы күмәнді болып келен генетикалық байланысты ашыққа шығарды.  

Зерттеу тобы жалпы 26 байырғы адам геномның тізбегін сараптаған және оның нәтижелерін Шығыс-оңтүстік Азияда бүгінгі таңда өмір сүріп жатқан халықтардың ДНҚ үлгісімен салыстырған. Бұл жаңа зерттеу өте ғажайып өйткені Шығыс-оңтүстік Азияның ыстық әрі дымқыл аурайы ДНҚ-ны сақтау үшін ең қолайсыз орта. Бұл халықаралық Зерттеу Кэмбридж университетінің Сент-Джон колледжінде және Копенгаген университетінде жұмыс жасайтын Профессор Еске Вильерслев бастауымен жұргізілген. Ол былай деп түсіндірді: «Біз адам генетикасына бай осы аймақ туралы жаңа түсінік бере алатын тропикалық Шығыс-Оңтүстік Азиядағы ежелгі ДНҚ-ны алу үшін үлкен күш жұмсадық. 26 адам геномына сәтті түрде қол жеткіздік әрі осы аймақтың әр түрлі генетиқаға соншама бай екеніне таң қалдық».

Осы зерттеу еңбегінің бас авторының бірі, Копенгаген университеті Дания табиғи тарих мұражайыдағы Геогенетика центірінің докторанты Хью МакКолл былай дедеі : « 26 ежелгі адамның геномикасын, бұның ішінде 25-і Шығыс-Оңтүстік Азиядан, қалған біреуі Жапониялық  Дзёмон көшпендісінің гені. Біздің зерттеу нәтижеміз бұрыннан келе жатқан теориялардың ешқайсысы Шығыс-Оңтүстік Азия халықтар тарихын дұрыс түсіндіріп бере алмағанын көрсетті. Hòabìnhian көшпенділері де, шығыс Азия егіншілері де қазіргі Шығыс-Оңтүстік Азия ұлтарының әртүрлілігінің келіп шығуына себепкер болған, олар Шығыс-Оңтүстік Азия мен Виетнамдағы аралдарға дейін таралған. Біздің қол жеткізген нәтижеміз Шығыс-Оңтүстік Азия тарихы туралы ұзақ жылдар бойы сақталып келген қайшылытарды шешеуге көмектесті».

Осы зерттеу еңбегінің және бір бас авторы, Копенгаген университеті Дания табиғи тарих мұражайыдағы Геогенетика центірінің доценті доктор Фернандо Ракимо былай дедеі:« Шығыс-Оңтүстік Азияны адамзаттың қоныстануы туралы пікір таластар әліде жалғасуда. Біздің зерттеуіміз Hòabìnhian нан темір дәуіріне дейнгі аралықты шолып өтті, нәтижеде қазіргі таңдағы  Шығыс-Оңтүстік Азия халықтарының кем дегенде төрт түрлі ата-тектен таралғандығын дәлелдеп отыр. Бұл біздің ойлағанымыздан да қүрделі жағдай болып табылады».

Екі жарым жылдық зерттеуде қолданылған үлгілердің кейбірі  Кембридж университетінің Duckworth топтамасынан алынған, ол әлемдегі ең үлкен адам сүйегі қалдықтары қоймасы. Duckworth зертханасының директоры, осы зерттеу еңбек авторларының бірі, Профессор Марта Миразон Лахр былай дедеі :« Бұл зерттеу Шығыс-Оңтүстік Азия халықтарының ата-тегі жайындағы сонымен қатар Hòabìnhian және Дзёмон көшпенділері сиақты алыс халықтар арасындағы байырғы байланыстар жайындағы маңызды бір сұрақты шешті. Гуа Ча сиақты байырғы адамдардың геномдарынан өте көп ақпараттар алудамыз, міне бұл Duckworth сиақты керемет топтамалардың ерекше маңызды екендігін көрсетеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button