Жаңалықтар

Қытайлар 16 жылға жарайтын машина батареясын жасады

Тесла машиналарын батареямен қамдайтын қытайлық алпауыт компания «Contemporary Amperex Technology Co. Ltd» жаңа тұрпаттағы батарея жасап шығарды, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Қазіргі нарықтағы машина батареялары кепіл мерзімі ішінде шамамен 150,000 шақырымға дейін тұрақты жұмыс істейді. Одан кейін батареялар ескіріп, тоза бастайды. Ал жаңадан жасалған өнім енді 2 миллион шақырымға дейін еш ақаусыз жұмыс істей береді дейді компания өкілдері. Салыстыру үшін айтқанда, жер шарын 50 рет айналып шығуға жетеді.

Батарея электр машиналары бөлшектерінің ішіндегі ең қымбаты болғандықтан мамандар бұл жаңа өнім саладағы революциялық жаңалық болды деп бағалап отыр. Бұндай батареяны ескі көліктен алып жаңа көлікке орнатып жүре беруге болады. Сондықтан көліктің бұл түрі құнын айтарлықтай төмендетеді.

«Contemporary Amperex Technology Co. Ltd» компаниясы қазір әлемнің бірнеше электр машина жасайтын Тесла, BMW, Toyota және тағы бірқатар компаниялармен серіктестік орнатқан.

Дайындаған – Б. Әліпбай.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button