ЖаңалықтарМедицина

Ауыр халдегі Covid-19 науқасының екі бірдей өкпесі ауыстырылды

5 Маусым күні Чикаго қаласы Northwestern Memorial емханасының дәрігерлері ауыр халде жатқан COVID-19 науқасының қос өкпесін сәтті ауыстырғандарын мәлімдеді. Вирус жұқтырып қатты ауырған науқасқа бұндай операция АҚШ-та түңғыш рет жасалып отыр. Ал осындай оператциялар бұған дейін Қытай және Австрия елдерінде жасалған еді.

Ота жасаған бас дәрігер науқастың қос өкпесі ауыспаған жағдайда ол әлде қашан қайтыс болар еді дейді. Дәрігерлердің айтуынша 20 жас шамасындағы әйел науқастың денсаулығында бұрын ешқандай ақау болмаған, бірақ емханаға жеткізілгеннен кейін оның жағдайы күрт төмендеген. Науқастың өкпесі зақымдалғаны соншалық ол тек жасанды тыныс алу аппараты көмегімен ғана тыныс алатын дәрежеге түскен. Жасанды тыныс алу аппараты жүрек пен өкпе жұмысы нашарлап басқа дене мүшелеріне қан мен оттегі толық жетпей қалған жағдайда жүрек пен өкпенің қызметін атқаратын құрылғы.

COVID-19 өкпенің альвеола деп аталатын кішкентай ауа қалталарын қабындырып олардың ішін сұйықтыққа толтырады. Нәтижеде пневмония (өкпе қабыну) пайда болады. Альвеола ол оттегі мен көміртегі қос тотығының алмасуын, яғни өкпедегі ауа алмасуын қамтамасыз ететін орын болғандықтан ол бітеліп қалса адамның тынысы тарылып өміріне қауіп төнеді. Кейбір науқастардың пневмониясы жазылғанымен олардың өкпесіндегі альвеолалар толығымен бүлініп өкпесі мүлде істен шығады. Ал қазіргі таңда ондай дәрежеде зақымданған өкпені қалпына келтіретін ешқандай ем жоқ дейді мамандар. 20 жастағы бұл науқас жан сақтау бөлімінде 6 апта жатқан. Дәрігерлер оның денесіндгеі вирусты толық тазартқанымен, вирус әлде қашан өкпедегі альвеоларды толық бүлдіріп үлгерген.

Төмендегі сурет осы науқастың өкпесінің бір бөлігі. Өкпе қалпына келмейтін дәрежеде зақымдалған. Ал сау өкпе губка тәрізді болып оның іші ұсақ альвеолаларға толы болады.

COVID-19 Зақымдалған өкпе
Зақымданған өкпенің бір бөлшегі (Фото NORTHWESTERN MEDICINE-нан алынды)

Қос өкпені ауыстыру отасы 10 сағатқа жалғасты. Өкпенің зақымдалғаны соншалық жанындағы басқа органдарға жабысып қалған. Отадан кейін науқастың жағдайы күннен күнге жақсарып келеді дейді дәрігерлер.

Дайындаған Бүркітқан Ақбайұлы.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button