Жаңалықтар

АҚШ-тың әйел ғарышкері енді мұхит тұңғиығына сүңгіді

Кэти Салливан АҚШ геологы және ашық ғарышта жүрген алғашғы әйел ғарышкер. Ол 1978 жылы NASA ғарышкерлер тобына қосылған. Бұл кезде ол топтың ішіндегі жалғыз әйел еді. 1984 жылдың 11-қазанында доктор Салливан ашық ғарыш кеңістігіне шыққан алғашқы америкалық әйел атанды. Ол жерден шамамен 230  шақырым биіктікте орналасқан «Челлендж» кемесінің сыртына шығып, 3.5 сағат бойын түрлі операцияларды орындады.

Ашық ғарышта жүрген Кэти Салливан. Фото Wikimedia Commons қорынан алынды

Жақында ол тағы бір рекорд жаңартты. 68 жасқа толғанымен доктор Салливан ештеңеден тайсалмай, “Challenger Deep” деп аталатын Мариана шұңқырының түбіне сүңгіді. Ең қызығы, ол мұхит шұңқырының түбіне жетіп, яғни, теңіз деңгейінен 10000 метрден астам төмен жерде сүңгуір кемесінде отырып, Халықаралық ғарыш станциясындағы әріптестеріне қоңырау шалды. Осылайша ол өзінің тағы бір рекордын орнатып, мұхиттың ең терең тұңғиығына түскен алғашқы әйел болып танылды.

Дайындаған – Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button