ЖаңалықтарҚоршаған орта

Қазақстан Күшәнмен ластанған ауыз суын тұтынатын елдердің қатарынан табылды.

Күшән (Arsenic) химиялық элементтердің периоттық кестесінде реттік нөмірі 33 элемент. As әрпімен таңбаланады. Тарихта көптеген хан мен қараның өмірін улап құртуға себепші болғандығы үшін, күшан “У патшасы” деген атқа ие болған. Адам өмірін қиып түсетін улы элемент болғанымен, ол табиғат дүниесінде өте маңызды орынға ие.

Күшән жер жыныстарында тәбиғи түрде пайда болады және аз мөлшерде сақталады. Егер күшән топырақтан ауыз суға өтсе және оның судағы мөлшері әр литрына 10 микрограмнан асса (Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бекіткен өлшем), ол адам денесін улау қаупін тудырады, тіпті ұзақ уақыт бойы оның әсеріне ұшырау терінің зақымдалуына және қатерлі ісік ауруларына апарып соғады. Ғалымдар әлем бойынша шамамен 220 миллионға жуық адам күшән мен ластанған су ішіп отыр деген болжам жасап отыр.

Дюбендорф қаласындағы Швейцпария су ғылымдар және технологиялары федералды институтының ғалымдары қоршаған ортаға қатысты көптеген факторларды ескере отырып күшәннің ғаламдық қауіп-қатер картасын жасап шықты. Олар сексенге жуық ғылыми еңбектерді жинақтап талдау жасаған, “random forest” деп аталатын әдіс арқылы әр шаршы километрдегі күшәннің кездесу қауіпін болжаған. Ғалымдар 10 000 ға жуық болжам нәтижесін біріктіп аталмыш картаны жасап шыққан.

Күша қауіпі картасы
J. PODGORSKI AND M. BERG/SCIENCE 2020

Жоғарыдағы карта суы күшәнмен ласталған аймақтар белгіленген карта. Мұнда аймақтарда күшәннің ауыз судағы мөлшері жоғары болса қызылмен боялған. Судың күшәнмен ластануы негізінен оңтүстік Америка мен Азияға шоғырланған. Қазақстан да күшәнмен ластанған ауыз суын тұтынатын елдердің қатарынан табылып отыр. Дегенмен бұл жағдай елімізде көп зерттелмеген тақырып. Жоғарыдағы ғылыми зерттеу нәтижесі еліміздегі ауыз судың күшәнмен ластану жағадйын зерттейтін жаңа ғылыми тақырыптар ашуға шабыт береді деген ойдамыз.

Мақаланы дайындаған Бүркітқан Ақбайұлы

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button