
YouTube желісінде Кеннеди ғарыш орталығы 39-комплексінен орбитаға ұшырылған Saturn V, Space Shuttle, Falcon Heavy, Space Launch System (SLS) зымырандарының отын жағу процессі мен ұшу сатысы бейнеленген анимациялық видео пайда болды. Бұл бейне жазбада зымырандардың ішіндегі отын материалдары және олардың жану процессі көрсетілген. Отын материалдарын айқын ажырата білу үшін материалына қарай оларды түрлі түсті етіп көрсеткен:
Қызыл = Керосин RP-1
Қызғылт сары = сұйық сутегі LH2
Көк = сұйық оттегі LOX
Зымырандар отын жанып біткенде қажеті жоқ отын танкын бөліп тастап кеткен көрінісі де айқын бейнеленген. Адамзаттың жеткен жетістігіне таңданбасқа шара жоқ!