Жаңалықтар

Қараңғы энергияны барлайтын WFIRST атауын өзгертті

Кең өрісті инфрақызыл барлау телескобы (WFIRST) миссиясы НАСА-ның бұрын соңды болмаған инфрақызыл сәулелі барлау қызметі болып отыр. Аталмыш жобаның басты аппараты күн жүйесінен тартып, бүкіл галактикамыздағы планеталар мен қараңғы энергияны қоса алғанда, бақыланған ғаламның шетіне дейін түгел шолу жасайтын үлкен ғарыштық телескоп. Енді бұдан былай аталмыш WFIRST телескобы НАСА-ның ардагер маманы Нанси Грейс Романның (Nancy Grace Roman) атымен аталатын болды.

Нанси Грейс Роман (1925, 16 мамыр – 2018, 25 желтоқсан)

Нанси Грейс Роман Наса тарихында өзіндік қол таңбасын қалдырған даңқты ғарышкерлердің бірі. 1960-1970 жылдары ол НАСА ғарышкерлерінің бірінші басшысы қызметінде болды. Ол өзі басшылық етіп ғарыш астрономиясы бағдарламасын жасады және Хаббл ғарыштық телескобын жобалауға тікелей мұрындық болған. Нанси «Хаббл анасы» деген даңқты атаққа да ие.

Кеше (20,05,2020) Астана уақыты кешкі сағат 9:00де НАСА ғалымдары тікелей эфирге шығып WFIRST телескобына ресми түрде Нанси Грейс Романның аты берілгендігін жариялады.

WFIRST телескобы қараңғы энергияны зерттеуге қолданылады дедік. Ал қараңғы энергия бүкіл ғалам массасының 2/3 алып жатса да адамзат оны әлі толық түсініп болған жоқ. Дегенмен, оның бар екендігін адамзат күрделі математикалық-физикалық есептеулермен түсініп отыр. Яғни Суперноваларлардың пайда болуы, Космостық микротолқынды фон, ғарыштық үлкен құрылымдар, Хаббл барлауының тұрақты деректері сияқты ақпараттар қараңғы энергияның бар екені туралы дәлелдер береді.

Қараңғы энергия мен қоса қараңғы затта ғаламның басым көп массасын құрайды. Қараңғы зат шамамен 27% ғалам массасына тең. Ал бізге белгілі көрінетін заттар мен энергиялардың жиынтығы ғаламның бар болғаны 5%-ын ғана құрайды.

Жоғарыда атап өткеніміздей, қараңғы энергия бүкіл ғаламның 2/3 массасын алып жатыр және ол жұлдыздар мен галактикалардың қозғалысы және ғаламның кеңеюіне тікелей әсер етуі мүмкін. Бұл құбылыстарды түсіну үшін  адамзатқа қараңғы энергияны түсіну өте маңызды. Сондықтан да WFIRST телескобы бүкіл адамзат үшін зор мәнге ие.

Мақаланы дайындаған Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button