Жаңалықтар

Планета қалай пайда болады?

Инфрақызыл телескоптық суреттен көріп тұрғандарыңыздай AB Aurigae деп аталатын жұлдызының айналасындағы газ бен шаңнан тұратын спираль дискінің ортасында S-тәрізді бұрылыс пайда болған. Ғалымдардың айтуынша дәл осы бұрылыста жаңа планета пайда болады.

image
суреттегі көк түсті S-тәрізі орын жаңа планетаның қалыптасып келе жатқанын көрсетеді

AB Aurigae жұлдызының жасы бірнеше миллион жыл  болғанымен, ол жас жұлдыз болып саналады. Біз өмір сүретін күн жүйесіндегі күннің жасы шамамен 4.5 миллиард жыл. Орта жас болып саналады. Сондықтан AB Aurigae жұлдызы жаңа туған жұлдыз деп есептелінеді.

Бұрынғы зерттеулерде ғалымдар планеталар жұлдыздар жаңадан пайда болған сәттен бастап қалыптаса бастайтынын білсе де, оның нақты қандай жолдармен пайда болатыны жөнінде нақты пікірге келе алмаған болатын. Осы жолғы бақылау планеталардың жұлдызды айлана қозғалатын газ мен шаңнан спиральді түрде қалыптасатынын анықталып отыр.

Жарық көрген ғылыми мақаланың қорытындысында “S” тәрізді бұрылыс және оның айқын орбиталық қозғалысы протопланета мен оның газ бен шаңның спиральді жиналуынан пайда болатынының алғашқы тікелей дәлелі бола алады делінген.

Мақаланы дайындаған Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button