НАСА бүгін кеште ғарыш туралы жаңа мәлімдемелер жасайды

2020 жылдың 20 мамыр күні Американың шығыс жағалауы уақытымен түскі 11:00де (Астана уақытымен кешкі сағат 9:00де) НАСА Кең өрісті инфрақызыл барлау телескобы миссиясына (Wide Field Infrared Survey Telescope (WFIRST)) қатысты баспасөз жиналысын өткізеді.

НАСА-ның өз сайтына жариялаған хабарламасында бұл шара агенттіктің  вебсайтынаNASA YouTube каналында, NASA Facebook парақшасында және Twitter/Periscope парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

Кең өрісті инфрақызыл барлау телескобы (WFIRST) миссиясы агенттіктің бұрын соңды болмаған инфрақызыл сәулелі барлау қызметі болып отыр. Аталмыш жобамен НАСА күн жүйесінен тартып, бүкіл галактикамыздағы планеталар мен қараңғы энергияны қоса алғанда, бақыланған ғаламның шетіне дейін түгел шолу жасаған.

Бұл миссияға НАСА-ға қарасты бірнеше зерттеу орталықтары мен Калифорния технология институты бірге ат салысқан. Миссия туралы толығырақ ақпарат осы жерде.   

Жаңалықы дайындаған Әліпбай Б.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *