ЖаңалықтарМедицина

Жүректің өз миы бар

Сүтқоректілердің ішкі органдарының барлығында өзіндік нерв жүйесі болады. Оны висцеральды жүйке жүйесі деп атайды. Осы органдардың ішінде жүрек нерв жүйесі өз ерекшелігімен ғалымдар назарына ілігіп отыр. АҚШ-тың бір зерттеу тобы егеу құйрықтың жүрегіне жасаған жоғары технологиялық 3-D сканерлеуі кезінде жүректегі нервтердің ерекше құбылыстарын байқаған.

ScienceDirect журналында жарық көрген мақалада зерттеу тобы бір клеткалық деңгейіндегі қанықтықпен “жүрек нерв жүйесінің” егжей-тегжейлі атласын сызып шыққаны айтылады.(Атласты осы жерден көре аласыз.) 3-D форматта көрсетілген фотода байқағандарыңыздай егеу құйрық жүрегінің қолқа тұсында жүйке жүйесінің бір тектес жасушаларының жиырылып топтасқаны байқалады (сары түспен белгіленген). Нерв жасушаларының бұлай топтасуы тек орталық жүйке жүйеде, яғни мида ғана болатын құбылыс болғандықтан ғалымдар бұл жиналған түйіршік те ми сияқты қызмет атқаруы мүмкін дейді. Дегенмен бұл “ми” қандай қызмет атқаратынын әлі зерттеуге тура келеді.

Жүректің өзіндік “миын” зерттеу жүрек-қантамыр ауруларын емдеу мен алдын алуда зор мәнге ие дейді ғалымдар.

Мақаланы дайындаған Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button