ITЖаңалықтар

Қазақ тілі Microsoft ресми тілдерінің бірі болды

Маусымның 3-і күні Microsoft компаниясы қазақ тілінің компанияның Microsoft Translator тілдер тобына қосылғанын жариялады. Компанияның аударма тілдер тобында қазір 60-тан астам тіл қамтылған.

Қазақ тілі енді Microsoft аударма қосымшалары, қондырмалар, Office бағдарламалары, Bing аудармашысы және бизнестер мен бағдарлама әзірлеушілерге арналған Azure Cognitive Services аударма қызметінің тілі болып жұмыс жасайды.

Компанияның блогына жазылған хабарламада былай делінген:

«Бүгін біз тілдік кедергілерді жою жөніндегі миссиямызды жалғастыра отырып Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілін қостық деп қуанышты түрде жариялаймыз. Qazaqsha немесе Qazaq Tili деп танылған бұл  тілдің Қазақстан, Батыс Қытайда, Батыс Моңғолия, Ресейдің оңтүстігінде және әлемнің басқа жерлерінде 22 миллионға жуық сөйлеушісі бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 12 желтоқсанында WikiBilim Қоғамдық қоры қазақ тілінің Google компаниясы аударма қызметіне ресми түрде қосылғанын жариялаған болатын. Бүгінде қазақ тілі аталмыш аударма құралындағы 109 тілдің бірі.

дайындаған Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button