ЖаңалықтарМедицина

Коронавирустан айыққаннан кейін адам ағзасында болатын өзгерістер

Біз Covid-19 симптомдары жайында көп білеміз, бірақ коронавирустан жазылып шыққаннан кейін адам ағзасында қандай өзгерістер болатыны жайында білетініміз аз. Сонымен, коронавирустың адам ағзасына қандай зақым келтіретіні жайындағы ғылыми зерттеулерді қарап көрсек.

Өкпе:  Covid-19 кезінде зақымданатын негізгі орган. Өкпе зақымдануы пневмония нәтижесінде туындайды. Ол өкпенің қабыну кезінде альвеолалар (ауа қалталары) сұйықтыққа толуы себепті пайда болады. Коронавирус екі өкпеде бірдей пневмония тудырып, ауру өкпенің көп бөлігіне таралса, адамда тыныс алу кезінде ағзаға керекті оттегін алу қиындайды және ауырухана жағдайында емделу қажет болады.

Covid-19 қозғайтын келесі ауыр сырқат – Жедел Респираторлы Дистресс Синдромы (ARDS) – немесе «Ылғалды Өкпе». Бұл түрдегі асқыну жедел әрі ауыр түрде өкпенің барлық бөліміне таралады. Науқас жан сақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратын қажет етуі мүмкін. Кейде жасанды тыныс алу ұзаққа созылуы мүмкін.

Коронавирустан өкпенің зақымдануы ұзақ уақытқа созылатын жағдай болады. Ковид вирусы ангиотензин түрлендіргіш ферменті 2  (ACE2) рецепторы арқылы ауа жолдар жасушаларына енеді. Бұл кезде кейбір адамдарда вирустың болуына байланысты «цитокинді дауыл»  деп аталатын қарқынды иммундық реакция басталады. Ол өз кезегінде қанның ұюын жоғарылатады және өкпе жасушасының зақымдануына әкеліп соғады.

Сондай-ақ коронавирустың адам ағзасына басқа респираторлы вирустарға ұқсамайтын өзгеше әсері бар. Ол өкпенің және басқада органдардың ұсақ қан тамырларында қан ұюын келтіріп шығарады.

Коронавирус кезінде өкпенің  зақымдануына байланысты, жүрек жұмыс үстемесі артып қызметі әлсірей бастайды. Нәтижеде жүрек жетіспеушілігі пайда болады. Кейбір зерттеулерге сүйенсек коронавирустан сауығып шыққан науқастардың  12%-да жүрек жетіспеушілігі кездеседі.

Йель университетінің кардиолог дәрігері  Харлан Крумхолздың айтуынша “Коронавирус тек респиратролы ауыру емес, ол жүрек, бауыр, бүйрек, ми, эндокринды жүйе және қан тамырларына да зақым келтіреді” екен.

Дайындаған – Ерлан Таубабек.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button