Жаңалықтар

6 айда коронавирус туралы не үйрендік?

Бүгінгі таңда тұтас адамзат тап болып отырған үлкен мәселе ол коронавирус пандемиясы. Әлемнің бұл індетпен күрескеніне жарты жылдың жүзі болды. Осы жарты жыл ішінде жаңа вирустың қыр-сырын біртіндеп түсініп келеміз. Вирус туралы ең алғашқы түсініктер мен қазіргі таңдағы түсінігімізді төмендегідей салыстыруға болады.

6 ай бұрын:

  • Коронавирус адамнан адамға таралмайды
  • Өкпе жасушалары вирустың басты нысанасы болғандықтан, өкпе көп зақымға ұшырайды
  • Аурудың алғашқы белгілері: температура көтерілу, тыныс жетіспеушілік, жөтел
  • 65 жастан жоғарғыларда ауру жағдайы ауыр болады
  • Балалар вирус жұқтырмайды
  • Орташа есеппен бір пациент 2 немесе 3 адамға вирус таратады
  • Өлім қауіпі 4%
  • Тек ауырған адамдар ғана бет перде тағуы керек ( АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC), ДДСҰ (WHO) нұсқауы бойынша)
  • COVID-19-ға ем болатын дәрі жоқ, вакцина жоқ

Қазір білетініміз:

  • Вирус адамнан адамға таралады, тіпті вирус жұққан, бірақ ауру белгісі байқалмаған адамдарда вирус таратады
  • Вирус өкпе жасушасынан тыс, мұрын жасушаларына да шабуыл жасайды. Сөйлеу немесе жай тыныс алудың өзі вирусты таратуға себеп болуы мүмкін
  • Симптом түрі көбейе түсті: шаршау, диарея, дененің қақсауы, иіс және дәм сезбеу
  • Қарттықпен қоса жоғары қан қысымы, семіздік, диабет сияқты ауру факторлары да аурудың жағдайын күрделендіреді
  • Кейбір балалар да COVID-19 жұқтырады, тіпті өмірге қауып төндіретін қабыну аурулары пайда болады
  • Адам көп жиналған орындарда, вирус кластерлі таралады (бір уақытта көп адамға таралады).
  • Өлім қауіпі әр елде әр түрлі болғандықтан ортақ қортынды шығару қиын болып тұр. Тек пандемия аяқталған соң ғана анық қортынды шығаруға мүмкіндік болар.
  • Барлық адам бет перде тағу керек, себебі симптомсыз адамда ауру таратады
  • Қолданыста бар дәрілерді шұғыл сынақтан өткізу нәтижесінде бір неше дәрі оң нәтиже көрсетті. Ремдесивир аурған адамдардың сауығу қарқынын тездетеді. Дексаметазон өлім қауіпін төмендетеді. 150 ден астам вакцина зерттеу басқышында, 20 шақты вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр.

Дегенмен, бұл вирус туралы білгенімізден білмейтініміз көп. Вирустың таралуы қашан баяулайды? Вакцина нақты қашан дайын болады? Жауабы жоқ сұрақтар көп-ақ. Кейбір сурақтарға жауап табу үшін әлі де уақыт қажет. Қорыта айтсақ, жағдай күннен күнге қиындап барады. Жоғарыда көргеніміздей вирустың қиын тұстары күн сайын ашылуда. Сол себепті, вирусқа қарсы шараларды әр адам қатаң сақтауы керек.

Дайындаған Бүркітхан Ақбайұлы.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button