Жаңалықтар

Шыбыншы Венерина қалай етқоректі тіршілік иесіне айналған?

Шыбыншы венерина – етқоректі өсімдіктердің типтік өкілі. Олар шыбын-шіркейді жапырағына қоған сәтте лезде жапырағын жаба қойып тырп еткізбей қамап алады. Әрине, артынша олар оның дәмді асына айналады.

Дегенмен бұл өсімдіктерде бұндай аңшылық қасиет қайдан пайда болған? Вюрцбург университеті ғалымдары  Шыбыншы венерина тектес бірнеше өсімдіктердің генетикасына зерттеу жасап олардың бұл қасиеті генетикалық қайталанудан пайдан болған деген тұжырым жасап отыр.

Ғалымдар Шықшөп, the waterwheel plant және шыбыншы венерина сияқты 3 тұқымдас өсімдіктердің геном тізбегін жасап шықты. Олардың геномы мен тағы басқа тоғыз жыртқыш өсімдіктердің геномын салыстыра саралап жыртқыштыққа жауапты басты генді атады.

Бұл етқоректі өсімдіктердің жыртқыш болуының басты себебі олардың геномының толық дубликатталғаны. Яғни, 60 миллион жыл бұрын осы өсімдіктердің арғы атасының геномы белгісіз себептермен толық қайталанып кеткен. Нәтижесінде өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі азықтық жинауға жауапты гендер босап шығып қорытылған олжалардың нәрін сіміруге жауапты болған.

Бұл зерттеу тіршілік иелерінің жаңа қасиеттері қалай пайда болатыны туралы жаңа түсінік берді деп сенеді кей ғалымдар.

Аталмыш зерттеу әлі де жалғасуда.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button