БиологияЖаңалықтар

Генетикалық түрлендірілген тауықтардың жұмыртқалары қатерлі ісікті емдей алады

Эдинбург университеті Рослин институтының ғалымдары генетикалық түрлендірілген тауықтарды өмірге әкелді. Ол тауықтардың ерекшілігі сол, жұмыртқасында адамның иммунды жүйесі аурумен күрескенде қолданатын ерекше ақуыздар бар. Бұл ақуыздар қатерлі ісікті емдеуде қолданылатын дәрілер құрамындағы ақуыздармен бірдей. Енді осы зерттеудің арқасында осы тәріздес дәрілерді арзан жолмен жаппай өндіруге жол ашылмақ әрі бұл әдіс тауықтарға еш зиянын тигізбейді.

Зерттеушілер екі түрлі ақуызға айырықша назар аударып отыр: вирусқа және қатерлі ісікке қарсы әсері бар IFNalpha2a және зақымдалған ұлпаларды қалпына келтіру процесіне қатысатын макрофаг – CSF. Бұл ақуыздарды жұмыртқадан тікелей бөліп алуға болады.

“Біз адамдарға арналған препараттар жасап шығара қоймадық. Десе де бұл зерттеу дәрі жасау мақсатындағы зерттеулер мен биотехнологиядағы басқа да қолданыстарда аталған тауықтардың коммерциялық тұрғыдан өміршең екенін көрсетіп отыр”, – дейді Рослин институтындағы даму биологы профессор Хелен Саң.

Қазіргі таңда авастин және герцептин сынды ақуызды препараттар қатерлі ісік пен басқа ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Алайда, бұл препараттардың кейбірі жасушаларды жануарлардан бөліп алып, жасанды ортада бақылап өсіру арқылы өндіріледі. Сол себепті, зерттеушілер жаңа әдістің бұдан әлдеқайда арзан, тиімді әрі жемісті болатынын атап өткен.

Осындай бір препаратқа қажетті ақуыз алу үшін үш жұмыртқа керек. Ал әр тауық жылына осындай 300 жұмыртқа баса алады.

Дайындаған – Бақыт Қ.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button