ЖаңалықтарМедицина

Коронавирус жасушаларда саусақ тәрізді өсінділер тудырады

Маусымның 28 АҚШ, неміс және француз ғалымдары біріге отырып жасаған зерттеуінің ғылыми мақаласы жарық көрді. Мақала әйгілі Cell (жасуша) жұраналында жарияланған.  Ғылыми еңбекте коронавирус салдарынан жасушаларда филоподия деп аталатын ұзыншақ өсінділер пайда болатынын айтқан.

Филоподия жасушаның сыртқы беттеріне өсіп шығатын өте жоғары икемділікке ие, жіңішке және саусақ тәрізді мембраналық өсінділер. Бұл өсінілер қалыпты жағдайда жасуша құрылымының орнықтылығын сақтау, түрлі сигналдарды сезу және бір жасушадан екінші жасушаға заттарды тасымалдау сияқты көптеген маңызды қызыметтер атқарады.

Ал коронавирус себебінен жасушалардағы филоподиялар саны қалыпсыз артқан және пайда болған фиолоподиялар тым ұзын әрі көп тармақты болған. Сонымен қатар, ғалымдар филоподиялардың бойында вирустардың орналасқандығын байқаған. Ғалымдар бұл өсінділер вирустың басқа жасушаларға шабул жасауына көмектесетін жоғары қарқынды тас жол сияқты рөл атқаруы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Зертту барысында филоподиялардың құрамында тағы CK2 деп аталатын ақуыздың бар екендігі көрсетілген. Бұл ақуыздың мөлшері түрлі қатерлі ісік ауруларында да артып кетедіндігі себепті, оған қарсы дәрілерде емдік мақсатта клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Ендеше CK2 ақуызын нысанаға алу Ковид-19-ды емдеуде де мәнге ие болуы мүмкін дейді ғалымдар.

Коронавирус инфекция жасаған жасушадағы Филопоиялар мен CK2 ақуызы конфокалды микроскоп арқылы көрсетілген. Мақалдан алынды.

Дайындаған – Бүркітхан Ақбайұлы


Әдебиеттер:

Guillaume Jacquemet, Hellyeh Hamidi, Johanna Ivaska. Filopodia in cell adhesion, 3D migration and cancer cell invasion. Current Opinion in Cell Biology, Volume 36, October 2015, Pages 23-31.

M. Bouhaddou et alThe global phosphorylation landscape of SARS-CoV-2 infectionCell. Published online June 28, 2020. doi: 10.1016/j.cell.2020.06.034.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button