Жаңалықтар

Компьютерлік модельдеу мидың сөйлеуді түсіну механизімін ашты

Неврология ғылымында ми тілдегі сөз буындарына талдау жасап оларды ажырату арқылы тыңдау қызметін жүзеге асырады деген пайымдау бар. Женева университеті мен Тілдерді Дамыту Ұлттық орталығының ғалымдары мидың осындай талдау қызметіне еліктейтін компьютерлік модель жасап шықты.

Екі тәуелсіз теориялық негізді біріктіретін бұл модель ұласпалы сөйлеудегі тоқтаусыз дыбыс ағынын бір жақты ету үшін ми бөліп шығаратын нейронды тербелістің эквивалентін қолданады. Алдымен бұл модель «болжамды кодтау» деген атпен белгілі теорияға негізделіп жұмыс жасайды. Яғни, тыңдау қызметі барысында ми буындарға негізделген сенсорлы сигналдарды үздіксіз болжау арқылы өз қызметін оңтайландырып отырады.

«Nature Communications» журналында берілген зерттеу мақаласы бойынша бұл модель табиғи тілде қолданылған сөйлемдерде қамтылған мыңдаған буындарды «тыңдап» ажырата білген. Бұл модель ғалымдардың ми сөйлем ағымындағы буындарды алдын ала болжап сосын талдап ажырату арқылы өз қызметін үйлестіретін нейронды тербелістер қызметін қолданады деген пайым шындыққа жанасымды екенін дәлелдеп берді дейді мақала авторлары

“Ми әрекеті электроэнцефалография көмегімен өлшеуге болатын нейронды тербелістер тудырады,” – дейді Женева университеті нейроғылымдар факультетінің профессоры әрі Тілдерді Дамыту орталығының басшысы Anne-Lise Giraud, – “Бұл тербелістер – нейрондар желісінің жүйелі электрлік әрекеттерінің нәтижесінде туындайтын электромагнитті толқындар. Жиіліктеріне байланысты олардың альфа, бета, тета, дельта немесе гамма сынды бірнеше түрлері болады. Дара түрде немесе қабаттасып келіп бұл ритмдер түсінік, жад, назар, қырағылық , т.б. когнитивтік функциялармен тіке байланыста болады. ”

Женева ғалымдары аталған физиологиялық ритмдерге негізделген импульсты нейрон желісі (SNN) компьютер моделі сөз буындарын біріздендіруде қолданыстағы жүйелерден көп жақсы дейді. Аталған модельдің артықшылықтарының бірі оның әр адамның сөйлеу мәнеріне байланысты сөйлеу жылдамдығына бірден бейімделе алуы.

Дайындаған – Бақыт Қ.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button