Жаңалықтар

Ғалымдар: кейінгі плейстоцен дәуіріндегі адамдар әлеуметік топқа боліне бастаған

Кейінгі плейстоцен дәуірі шамамен осыдан 129,000-нан 11,700 жыл бұрынғы кзеңге жататын археологиялық дәуір. Бұл қазіргі адамзат, яғни Homo Sapiens-тің Африка құрлығынан бүкіл жер бетіне тарала бастайтын уақытымен сай келеді. Зерттеушілер Танзаниядағы Engare Sero деп аталатын елді мекен жанында орналасқан жанартау шөгіндісінде сақталған бір топ арғы адамдардың ізін тауып оларды дәл осы Homo Sapiens-тің ізі деп қорытынды шығарып отыр.

Аталмыш елді мекен бұрын табылған адам іздері сақталған тағы екі орынға жақын орналасқан. Осылайша бұл өңір байырғы адамдар жиі әрекет еткен мекен ретінде танылып отыр.  Бұл іздерді алдымен осы өңірде тұратын Масай деп аталатын жергілікті тұрғындары байқаған. Кейін олар табиғат қорықшыларына айтқаннан кейін ғана бұл археологиялық маңызы бар орын ғалымдардың назарына ілігіп отыр.

Суретте көріп тұрғандарыңыздай, бұл бір топ адам бір бағытқа қарай жүріп және жүгіріп өткен.

Олардың іздерінің өлшемін түрлі деректермен салыстыра зерттеу арқылы ғалымдар бұл іздердің көбі 14 әйел, 2 ер адам және бір сәбиден құралған бір үлкен тобырдың іздері екеніне көз жеткізген.

Зерттеушілер негізінен әйелдерден құралған бұл топ адамның байырғы қоғамдық топтасудың алғашқы көрінісі болуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Дегенмен, оларда алғашқы әлеуметтік жұмыс бөлісу болды ма жоқ па, бұған қазір дөп басып тұжырым айту қиын.

Мақаланы дайындаған Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button