Жаңалықтар

Инженер болар баланың …

5 Жасынада бағдарламалауды үйренген бала

Танмэй Бакши (Tanmay Bakshi), 2003 жылы дүниеге келген дарынды бала. Әлемнің үздік компьютер инженерлерінің қатарына енген талантты жас. Ол Канаданың тумасы, арғы тегі Индиядан. Әкесі де компьютер инженері болғандықтан ол әкесіне еліктей жүріп жастайынан есептеу машинасының қыр-сырымен танысқан.

Әкесінің бағдарламалаумен айналысып отырғанын көрген 5 жастағы Танмэй компьютер тілін меңгеруге қызығушылығы туады. Өзі қатар балалар аулада асыр салып ойнап жүргенде ол үйде қамалып есептеуіш машинамен тілдесуді үйренді.

Компьютер тілін еркін меңгерген ол 7 жасында алғаш өзінің YouTube каналын ашады. 100 000 балаға бағдарламалауды үйретуді мақсат еткен батыл баланың каналында қазір 300 000-нан астам тіркелуші бар.

Танмэй 8 жасында iOS (iphone жүйесі) қосымшаларын жасауды өз бетімен үйреніп алады. 9 жасында алғашқы iOS  қосымшасын жасап шығады, әрі Apple store-да сатылымға шығарады.

Дегенмен көп өтпей оның бағдарламалауға қызығушылығы азаяды, себебі оның ойынша болашақ Жасанды интеллектіде (ЖИ) жатыр. Солайша Танмэй ЖИ саласына түбегейлі бет бұрады.

11 жасында Танмэй IBM компаниясының Watson супер компьютерінің автоматты жауап беру жүйесімен танысады. Бұл оның алғаш рет жасанды интеллектпен танысуы еді. Бұл жүйеге қызыққаны сонша ол бір аптаның ішінде өзінің алғашқы автожауапберу қосымшасын жасап шығады.

Көп өтпей ол IBM компаниясының PDF форматтағы құжатты басқа форматқа ауыстыру жүйесінде бір баг (қате немесе кемшілік) бар екенін бақайды да өзінің жаңалығын бағдарламалау сайтында және өзінің твиттерінде жариялайды. Оның жазбаларын IBM  инженерлері көріп қатты риза болады және оған хабарласып алғыс айтады. Осылайша ол IBM компаниясының жобаларына ат салысуға мүмкіншілік алады.

Содан бері IBM  бұл дарынды балақайдың түрлі форумдарда сөз сөйлеуіне жағдай жасайды. Ол Финляндия, Жаңа Зеландия, Дания және Австралия елдерінде өткен IBM Watson саммитінде сөз сөйлеген. Ол IBM компаниясында ресми жұмыс істемегенімен компанияның түрлі жобаларында партнер болып жүр.

Қазір оның есіл-дерті жасанды интеллект. Бұл саладағы оның жетістігі де талай мадақтауларға ие болып үлгерді. 2017 жылы Дубайда өткен саммитте оған ұйымдастырушы тарап, Дубай патшасы Мохаммед бин Рашид аль Мактоум қоры оған «Білім елшісі» деген сыйлық табыс еткен.

Оның ЖИ саласындағы бір арманы ЖИ арқылы медицина саласындағы қызметтердің сапасын арттыру. Сондықтан да ол денсаулық сақтау саласында жақсы жобаларды орынды. Бұл жобалардың бірі қол-аяғы сал болған Торонтолық қызға көмектесу болды. Оның айтуы бойынша Бу есімді бұл қыз өзінің жайсыз сезімін айта алмайды екен. Танмэй басқа инженерлермен бірігіп Будың миын сканерлеп оның сезімін түсінетін ЖИ жобалаған. Бұдан басқа медицина саласында жарияланған әдебиеттерді дәрігерлер үшін оқып сараптап беретін ЖИ жүйесін жасау да Танмэйдың арманы. 

Қазірге дейін ол екі кітаптың авторы атанды: «IBM Watson-мен когнитивтік есептеу» және «Сәлем Свифт! – балалар және басқа үйренушілер үшін iOS қосымшаларын бағдарламалау»

Бүгінде Танмэйдың YouTube каналы, Coursera-да авторлық курсы бар.

Ақпарат CNBC сайтынан алынып өңделді.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button