ЖаңалықтарМедицина

Алғаш рет адамның иммундық жүйесі тажал вирусты жеңді

Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) вирусы адамзат денсаулығына ең қауіпті вирустардың бірі. Бүгінгі таңға дейін оны түбегейлі жазатын ешқандай ем табылмағаны белгілі. Кейбір дәрілердің вирустың көбеюін тежеп, аурудың асқынуына жол бермейтін қабілеті болғанымен, оны толықтай жоя алмайды. Сондықтан да АҚТҚ вирусы ең қауіпті вирустардың бірі болып отыр.

ScienceNews сайтының хабарлауынша кейбір адамдардың иммундық жүйесі АҚТҚ вирусын жойып жібере алады. Ғалымдар АҚТҚ вирусының белсенділігін өз иммундық жүйесі күшімен жеңе алатын адамдарды «элиталық контроллерлер» деп атайды. Дегенмен бұл адамдардың иммундық жүйесінің қандай тәсілмен вируспен күресетінін ғалымдар әлі біле алмай отыр, себебі зерттеушілер олардың қанын тексергенде олардың вирустан құлан-таза айыққандарын байқаған.

Қазірге болжам ғана айтқан ғалымдар бұл адамдардың вирусты жеңу себебін вирустың адам геномына барып қайта өрнектелу процесімен түсіндіріп отыр. Яғни, АҚТҚ вирусы Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) болып, ол тек адам геніне сүйеніп өрнектеледі (көбейеді). Сәйкесінше АҚТҚ вирусын өрнектейтін ген адам хромосомындағы жиі өрнектеле бермейтін, гетерохроматин деп аталатын бөлігіне тұрақтап қалады да, оның өрнектелуі шектеуге ұшырайды. Солайша вирус жұқтырған «элиталық контроллерлерінде» бәрі бір ешқандай ауру симптомдары байқалмайды.

Ал дәрігерлерді шабыттандырғаны сол, осы «элиталық контроллерлердің» жілік майы трансплантацияланған алғашқы науқас та 12 ай ішінде вирусты толығымен жеңген. 16 айдан кейін ол вирусқа қарсы дәрілерден толығымен бас тартып, қалыпты өмірге оралған.

Дайындаған – Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button