БиологияЖаңалықтар

Бактерия көмегімен телефонды қуаттауға бола ма?

Табиғатта болатын кейбір бактериялардың электр қуатын өндіру қабілеті болады. Бұны ғалымдар бұрыннан біледі. Ал сол электр қуатын тұрмыстық мақсатқа алуға бола ма деген сұраққа кейбір ғалымдар «иә» деп сенімді жауап беріп отыр.

Sciencemag журналының хабарлауынша батпақтың оттегі жетпейтін төменгі қабатында жиналған күкіртсутегін ыдырату арқылы қоректенетін микроорганизм бар. Олар шамамен 5 сантиметрге жететін ұзын денесі арқылы батпақтың төменгі қабатындағы күкіртсутегінен батпақ бетіндегі оттегі мол қабатына электрон жеткізу арқылы өз денелеріне қуат алады.

Бұл жаңалықты ашудың өзі қызықты әңгіме. Басында ғалымдар теңіз жағасындағы батпақты зерттемек болып, біраз үлгі алып зертханада сақтайды. Алайда уақыт өте келе сақталған батпақтың оттегі аз төменгі қабатындағы күкіртсутегі біртіндеп ғайып болып, батпақ бетіне темір тотығы сияқты қызыл тұнба пайда болғаны анықталады. Ғалымдар күкіртсутегінің жоғалып кетуін редукция (яғни тотықсыздану реакциясы)  себебінен екенін білген болса да, бұл құбылысқа батпаққа араласқан метал қоқымдары себеп болуы мүмкін деп топшылайды.

Алайда бұған қанағаттанбаған ғалымдар батпақтың ортаңғы қабатына әйнек қоқымдарын төгіп қайта бақылау жасайды. Бұл ретте жаңағы күкіртсутегі тағы да жоғалып кетеді. Демек, батпақта белгілі бір өткізгіштің бар екені анық. Яғни бұл өткізгіштер батпақтың төменгі қабатындағы күкіртсутегінен электрондарды батпақтың жоғарғы қабатына жеткізіп оның ыдырауына себеп болып отыр. Алайда әйнек қоқымдары төгілген қабат қандайда бір электрон тасымалдайтын элементтердің болуы мүмкін емес екенін дәлелдеп тұрған жоқ па?

Зерттеушілер енді әйнек қоқымдарын алып бақылайды. Әйнек қоқымдарының арасынан жіңішке талшықтар тапқан ғалымдар таңданысын жасырмайды. Бұл бір ерекше жаңалық болды. Әйнек қоқымдардың арасынан ұзын, әрі нәзік микро-органикалық талшықтар өтіп, батпақтың төменгі және жоғарғы қабаттарын жалғастырып тұр. Демек жаңағы электрондардың тасымалдануына осы талшықтар себеп болып отыр.

Мамандар бұл талшықты зерттеп, олардың  шамамен 2 000 жасушадан тізілген, сыртында бірнеше ұзын кабель тектес талшықтар ұзынынан созылып қоршаған және оның сыртынан бір қабат мембрана қапталған микроорганизм екенін анықтайды. Осылайша бұл микробтар «Кабель микробы» деп аталады.

Кейін зерттеушілер бұндай микробтар табиғатта өте көп екеніне көз жеткізеді. Олардың кейбір түрінің «Кабель бактеиясы» сияқты ұзын денесі болмаса да, тоқ өткізгіш қысқа нано-талшықтары бар екені анықталады. Олар бір біріне жалғанып электрон тасымалдау арқылы табиғатта жиналған түрлі органикалық заттардың ыдырауына себеп болады. Мысалы, ғалымдар олардың теңіз түбінде өсетін түрлі балдырлардың тіршілігіне де өте маңызды рөл атқаратыны да анықталды.

Сонымен қатар, ғалымдар бұл бактерияларға генетикалық модификациялау жасап олардың талшығының өткізгіштігін тіпті де арттыра түсуге болатынын айтады.

Кейбір ғалымдар осындай талшықтардан жасалған қабықша жасап оның көмегімен дымқыл ауадағы су тамшыларынан электр қуатын өндіруге болады дейді. Тіпті осындай қабықшалардың  17 данасы бірге қызмет істегенде олардан жиналатын қуатпен ұялы телефонды қуаттандыруға да болады екен.

Дайындаған – Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button