Метил тобы метаннан туындайтын алкил, құрамында үш сутек атомымен байланысқан бір көміртек атомы бар – “CH3”. Формулаларда метил тобы көбінесе латын әріптерімен “Me” деп қысқартылып жазылады. Мұндай көмірсутек топтары көптеген органикалық қосылыстарда кездеседі. Олар көптеген молекулалардағы өте тұрақты топ болып келеді. Метил топтардың басым көпшілігі үлкен молекулалардың бөлшегі болып келсе, кей біреулері жеке дара кездеседі.
