Қызыл қан жасушалары эритроциттер деп те аталады. Олардың басты қызыметі өкпеден оттегін қабылдап оны адам денесінің басқа мүшелеріне жеткізіп беру. Еритроциттердің құрамында миллиондаған гемоглобулин атты ақуыздар болады. Қызыл қан жасушаларының оттегін қабылдауы осы гемоглобулин ақуызы арқылы іске асады, себебі аталмыш ақуыздар темір элементіне бай болатындықтан оттегін жабыстырып алу қасиетіне ие….
Author: Kaz-Science
Бозғылт көк нүкте: адам болашағын ғарыштан болжау
Карл Эдвард Сейган (09.11.1934 ж. – 20.12.1996 ж.) – америкалық астроном, планетолог, космолог, астрофизик, астробиолог, автор, ғылымды халыққа дәріптеуші және ғылым журналисі. 20-дан астам кітаптың авторы.Төменде назарларыңызға Сейганның “Бозғылт көк нүкте: адам болашағын ғарыштан болжау” деп аталатын кітабынан үзінді ұсынып отырмыз. «Анау бозғылт нүктеге тағы бір қараңызшы. Міне, бұл біздің мекеніміз….
Назарбаев университетінде COVID-19-бен ауырғандардың ДНҚ-сына зерттеулер жүргізіледі
Назарбаев университетінің National Laboratory Astana ғылыми орталығы COVID-19-бен ауырғандардың ДНҚ-сын зерттеуді жоспарлап отыр деп хабарлай НУ-дың баспасөз орталығы. Баспасөз жарияланымына қарағанда қазір сол зертхананың мамандары биоматериалды алу үшін хаттамалар жасап жатыр және ауруханаларда қан сынамаларын алуды да бастаған. Биоматериалдарды алу жұмыстары барлық инфекциямен жұмыс істеуге сертификат алған зертханаларда жүргізіледі. National…
ЮНИСЕФ: Пандемия кезіндегі мектепке оралу қалай жүзеге асырылады?
ЮНИСЕФ балалардың мектепке қайта оралуына қатысты сұрақтарға жауап беріп, сәйкесті ережелерді ұсыныпты. Оны қазақ тіліне аударып сіздерге ұсынып отырмыз. Түп нұсқа мәтін мына жерде. ЮНИСЕФ 2020, 3 маусым COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі тіршілік ата-аналарға да, балаларға да оңай тимеді. Балалардың мектепке қайта оралуы әлбетте, маңызды әрі қуанышты жаңалық болары сөзсіз. Бірақ…
Covid-19 жаһандық жылынуды тоқтата ма?
АҚШ, Британия және Норвегия қатарлы елдердің біріккен зерттеу тобы пандемия кезіндегі көміртегі қос тотығының (CO2) бөлінуі туралы көлемді зерттеу жүргізген. Зерттеу қорытындысы бойынша пандемия кезінде CO2 газының ауаға таралуы айтарлықтай азайғаны анықталып отыр. Бұл жағымды өзгеріс адамдардың тұтыну үлгілерінің өзгеруі және көлік қозғалысының азаюымен тікелей байланысты дейді ғалымдар. Зерттеу тобы АҚШ-тың…
Қазақ тілі Microsoft ресми тілдерінің бірі болды
Маусымның 3-і күні Microsoft компаниясы қазақ тілінің компанияның Microsoft Translator тілдер тобына қосылғанын жариялады. Компанияның аударма тілдер тобында қазір 60-тан астам тіл қамтылған. Қазақ тілі енді Microsoft аударма қосымшалары, қондырмалар, Office бағдарламалары, Bing аудармашысы және бизнестер мен бағдарлама әзірлеушілерге арналған Azure Cognitive Services аударма қызметінің тілі болып жұмыс жасайды. Компанияның…
Жүректің өз миы бар
Сүтқоректілердің ішкі органдарының барлығында өзіндік нерв жүйесі болады. Оны висцеральды жүйке жүйесі деп атайды. Осы органдардың ішінде жүрек нерв жүйесі өз ерекшелігімен ғалымдар назарына ілігіп отыр. АҚШ-тың бір зерттеу тобы егеу құйрықтың жүрегіне жасаған жоғары технологиялық 3-D сканерлеуі кезінде жүректегі нервтердің ерекше құбылыстарын байқаған. ScienceDirect журналында жарық көрген мақалада зерттеу…
Жарғанат вирусты қалай тасымалдайды? – «Супер» иммундық жүйе
Қазіргі таңда бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған SARS-Cov-2, 2003 жылғы SARS, және 2013 жылғы MERS вирустары коррнавирус тобына жататындығын жазған болатынбыз. Ғалымдар аталмыш вирустардың басты тасымалдаушысы жарғанат деп есептеп келеді. Бір қызығы, бұл вирустар адамдар арасында жылдам таралып мыңдаған адамдардың өмірін жалмасада, олардың тасымалдаушысы жарғанатта еш ауру белгілері байқалмайтын көрінеді….
Ашаршылықтың айтылмаған қыры
1916 жылдан 1933 жылға дейінгі үш дүркін ашаршылық қазақ даласын орасан зор шығынға ұшыратты, шашамен 5 миллионға жуық қазақтың қырылуына себепші болды (Мұхтар Әуезов, Бүркіт Аяған сияқты әйгілі жаузушы тарихшылардың дерегі бойынша). Осыншама көп адамның өмірін жалмаған ашаршылықтың экономикалық және демографиялық зардаптары зерттеліп айтылғанымен, оның ұлтымыздың кейінгі ұрпақтарына тигізген физиологиялық…
Колумбия астрономы: ғарышта тіршілік иелерінің болу ықтималдығы жоғары
АҚШ-тың ұлттық ғылым академиясы жинағы (PNAS) журналында жарық көрген бір мақалада Колумбия университеті астрономы Дэвид Киппинг (David Kipping) жерден тыс планеталарда тіршілік иелерінің болу ықтималдығын есептеген. Байес қорытынды (Bayesian inference) деп аталатын статистикалық әдісті қолданған зерттеуші әлемде жер беті тұрғындарынан басқа да тіршілік иелері бар екенін дәлелдеген. Колумбия университеті астрономия…