ЖаңалықтарМедицина

Смартфоннан тараған радиациалық микротолқын адамның есте сақтау қабылетіне зиян келтіреді

Соңғы 20 жылдағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы қолдан жасалған радиожиілікті электромагниттік өрістердің адамдарға болған әсерін арттыра түсуге себеп болып отыр. Солардың бірі күнделікті өмірде жиі қолданылатын смартфондар. Алайда, электромагниттік өрістің адам денсаулығына қандай әсері болатыны әлі нақты емес. Дегенмен, күнделікті өмірде смартфондармен сөйлесу адам миына ең көп әсер ететіндіктен, нерв қызыметінің әлсіреуі басты алаңдаушылықты тудырып отыр. Қазірғі таңда жас өспірімдердің радиожиілікті электромагниттік өрістердің әсреіне ұшырау мүмкіндігі ең жоғары,, себебі 15 жасқа дейінгі балалардың миы даму үстінде болғандықтан, электромагниттік өрістің зиянына оңай ұшырайды. 

Адамның телефоннан тараған электромагниттік өрістің әсеріне ұшырауы телефонда сөйлесу уақытының ұзақтығы, телефонның адам денесінен қашықтығы сияқты көп факторларға байланысты болады. Жаңа зерттеуде швейцариялық ғалымдар осы факторлардың барлығын ескере отырып, телефон қолданудың 12 ден 17 жас аралығындағы 895 жасөспірімге болған әсерін сараптаған. Зерттеу нәтижесі телефон қолданудың жасөспірімдердің есте сақтау қаблетіне кері әсерін тигізетінін дәлелдеген. Алайда ғалымдар бұл зерттеу нәтижесіне нақты көз жеткізу үшін, ұқсас тәжірибе басқа ұлт жасөспірімдердінде де қайталануы керек деп қарайды. 

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button