Жасанды интелект басқа компютерлердің ойын оқи алатын болды

100

iPhone-ның  Siri  немесе Амазонның Alexа сиақты дауыс танитын виртуалды көмекшілері мен жұмыс жасап көргендер цифрлі көмекшілердің адамды жақсы түсіне бермейтінін жақсы біледі. Ол үшін оларға керегі ақыл теориясы (басқалардың жай-күйін, арман тілегін түсіну қаблетін меңзейді). Жақында ғалымдар басқа компютерлердің ойын оқып олардың әрекетін болжай алатын жасанды интелект жасап шықты. Бұл машиналар арасындағы тіпті машина мен адам арасындағы байланысты қалыптастудың бірінші қадамы болмақ. Қазіргі таңда кейбір компютерлер қуану немесе ашулану сияқты мимикаларды оқи алады. Бұл ақыл теориясына жататын қаблет болғанымен, компютерлер әліде адам емоциясын  толықтай түсіне бермейді. 

Британдық DeepMind жасанды интелект компаниясының зерттеуші ғалымы Нил Рабиновиц және оның әріптестері ToMnet-деп аталатын жасанды интелекттер үшін ақыл теория моделін жасап шықты. ToMnet адам миына ұқсайтын үш түрлі нерв тәрізді жүйеден құрам тапқан. Біріншісі басқа жасанды интелекттің бұрынғы қимылына негізделе отырып оның ендігі тенденциясын бағамдайды, екіншісі сол интелекттің қазіргі жай-күйін түсінуге тырысады, ал үшіншісі алдынғы екі жүйенің информациясын жинақтап интелекттің келесі қимылын болжайды. Сынақ нәтижесі ToMnet-тің тіпті жалғандықты да байқай алатынын көрсетіп берген. 

Ұқсас салада зерттеу жасайтын басқа ғалымдарда ToMnet-тің болжау және түсіну қабылетін мойындап отыр. “Алайда, кез келген жаңа ортада басқа жасанды интелекттердің қимылын еш мүлтіксіз болжау үшін, ToMnet сиақты моделдерге осы саладағы әртүрлі әдістерді біріктіріп қолдану болашақта қызықты нәтижелерді жарататыны даусыз.”- деп қарайды ғалымдар. 

Жауап жазу

Көмментарияны енгізіңіз
Мұнда атыңызды жазыңыз