Қатерлі ісікті алдын ала болжай алатын тест жасалды

223
Қан тест
By Belova59 from Pixabay

Қатерлі ісіктің ең қиын тұсы оны алдын ала болжаудың аса қиындығы. Түрлі симптомдары пайда болған кезде, ауру әлде қашан басқа органдарға шабуыл жасап, ағза тарала бастайды. Ісіктің пайда болуын байқамас бұрын, қанға тест жасап ауру пайда болу мүмкіндігі бар жоқтығын болжау қазірге дейін мүмкін болмай келеді. Егер қанға тест жасау арқылы ісіктің пайда болу қаупін алдын ала білу мүмкін болса, біраз адамның өміріне арашашы болар едік. Сол себепті, соңғы жылдары қатерлі  ісікті ерте әрі нақты анықтауға көмектесетін диагнотикалық мақсаттағы тестілеу аспаптарын жасау әлем ғалымдарының басты мақсаттарының біріне айналды.

21 Шілде «Nature Communications» журналында жарияланған АҚШ және Қытай ғалымдарының біріккен зерттеу еңбегі ғалымдардың жоғарыда айтылған мақсатқа бір қадам жақын қалғандығын дәлелдеді. Ғалымдар «PanSeer»  деп аталатын қатерлі ісікті тестілеу апаратын сынақтан өткізіп оның нәтижесін жариялаған. «PanSeer» асқазан, өңеш, тік ішек (колоректал), өкпе, және бауыр қатерлі ісіктерін анықтай алады.

Тесттің жұмыс жасау механизмі гендегі метил тобының санын бақылай алуында, себебі генге қалыпсыз метил тобының жалғануы көптеген қатерлі ісіктің пайда болуына себепші болады екен. Тестті жасау үшін ең әуелі қаннан ДНҚ-ны бөліп алып, қатерлі ісіктің пайда болу сигналы болып табылатын метил тобы жалғанатын орындардағы метил топтарының жалғану жағдайын тексереді. Сосын белгілі алгоритм арқылы адамның қатерлі ісікке шалдығу мүмкіндігін есептеп шығады.

2007 жылдан бастап ғалымдар денсаулығында ақау жоқ жеке тұлғаларды сынаққа қабылдаған және олар әр жыл сайын денсаулықтарын тексертіп отырған. Сынаққа жалпы саны 123 115 адам тартылған. Солардың ішінде еш қандай қатерлі ісік белгісі жоқ 605 адамға «PanSeer» тестін жасаған. Уақыт өте келе бұл адамдардың ішінде 191-інде асқазан, өңеш, тік ішек (колоректал), өкпе және бауыр ісіктері пайда болған.  Нәтижеде «PanSeer» 96% дәлдікпен қатерлі ісіктердің пайда болатындығын 4 жыл бұрын көрсетіп берген.

Ғалымдардың пікірінше бұл зерттеу нәтижесі қан арқылы қатерлі ісікті анықтау тестерін дамыту үшін зор мәнге ие. Бірақ бұл нәтижені растау үшін басқа дербес зерттеу топтары да осы тесті қолданып ұқсас нәтижеге қол жеткізу керек, яғни тесті ғылыми ортада толық мойындалуы қажет, сонда ғана бұл аспапты кең көлемде қолданысқа беруге болады.

Дайындаған – Бүркітхан Ақбай.

Жауап жазу

Көмментарияны енгізіңіз
Мұнда атыңызды жазыңыз