Коронавирусқа қарсы вакцина дайындау қай басқышқа жетті?

Әлемде 140 тан астам зерттеу тобы коронавирусқа  қарсы қауіпсіз әрі өнімді вакцина жасау үшін жарыса еңбек етіп жатыр.  Әдетте вакцина ең әуелі түрлі сынақтардан сәтті өтуі үшін бір неше жылды қажет етеді. Онымен қоса  вакцинаны үлкен көлемде өндіріске шығару үшін де қосымша уықта керек. Ал бүгінгі таңда ғалымдар әлем жұртшылығының басты мәселесіне айналған КОВИД-19-ға қарсы вакцинаны 1 – 1,5 жыл аралығында қолданысқа шығаруды үміт етіп отыр.

Вакцина жасаудың бірнеше негіздік стратегиялары бар.

Біріншіден, вирусты әлсірету. Түрлі техникаларды қолдану арқылы зертханада вирустың көбею қабілетін 20 есеге немесе одан да аз деңгейге төмендетеді. Бұл деңгейде вирус ауру тудыру қабілетінен айрылады, бірақ адам ағзасының табиғи иммундық қорғанысын оятуға жеткілікті болады.

Екіншіден, вирусты өлтіру. Түрлі жолдармен вирусты өлтіріп оны ағзаға құяды, иммундық жүйе оны бөгде зат ретінде таниды да иммундық қорғаныс қалыптасады.

Үшінші бір жолы – вирустың белгілі бір ақуызын пайдалану. Көп жағдайда вирустың сыртқы бетінде орналасқан ақуыздарды бөліп алып оны адам ағзасына құю арқылы табиғи иммундық жүйені оятады.

Бұл үш түрлі әдіс те дәстүрлі вакцина жасау тенхологиясы болып табылады.

Қазіргі таңда жаңа технологияларды қолдану арқылы коронавирусқа қарсы вакцина жасау жұмысы жүргізіліп жатыр. Онда тұтас вирус немесе оның ақуызын қолданудың орнына вирустың генетикалық материалдарын қолдану қарастырылады. Мысалы, Moderna және CureVac сияқты компаниялар вирустың ақпараттық рибонуклеин қышқылын (аРНҚ) қолдану арқылы коронавирусқа қарсы вакцина жасап жатыр.

Миллоиндаған сау адамдарға берілетін өнім болғандықтан, вакцина аса қатаң реижмдегі қаупсіздік стандартынан өтуі керек. Ең әуелі ғалымдар вакцинаны зертханада жасуша және жануарларға қолдану арқылы сынақтан өткізеді. Зертханалық сынақта жақсы нәтиже көрсеткендері клиникалық сынаққа жіберіледі. Клиникалық сынақ 3 кезеңнен тұрады: клиникалық сынақтың бірінші кезеңі, екінші және үшінші кезеңі.

Клиникалық сынақтың бірінші кезеңі вакцинаның қауіпсіздігін және оның иммудық реакция тудыру қабілетін бақылауды мақсат етеді. Бұл кезеңде аз сандағы адамға сынақ жасалады.

Клиникалық сынақтың екінші кезеңінде вакцинаның  кауіпсіздігімен қоса өнімділігін бақылауды мақсат етеді. Бұл кезеңде жүздеген адамға сынақ жасалады.

Клиникалық сынақтың үшінші кезеңі вакцинаның қауіпсіздігі мен өнімділігін тұрақтандыратын соңғы кезең. Бұл кезеңде мыңдаған адамға сынақ жасалады.

Осы үш сынақтан сәтті өткенде ғана вакцинаны қолдануға руқсат беріледі.

Қазіргі таңдағы зертханалық сынақта 140 вакцина, клиникалық бірінші кезеңде 19 вакцина,  клиникалық екінші кезеңде 11 вакцина, ал клиникалық үшінші кезеңде 3 вакцина тұр, бірақ қолданысқа руқсат етілген әлі вакцина жоқ.

Қытайлық Синовас (Sinovac), Ұлыбританиялық Оксфорд университеті / Астразенека (University of Oxford/AstraZeneca), және Австралиялық Мельбурн университеті / Мердок балалар ғылыми-зерттеу институты (University of Melbourne/Murdoch Children’s Research Institute) сияқты үш зерттеу орны жасаған вакциналар клиникалық үшінші кезеңде сынақтан өтіп жатыр. Бұл үш вакцина клиникалық үшінші кезеңнен сәтті өте алама жоқ па, ол уақыттың еншісінде.

Дайындаған – Бүркітхан Ақбайұлы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *