Жаңа iPhone 12 нарыққа шығады, сатып алуға дайынсыз ба?

197
Image by Jan Vašek from Pixabay

«Apple» компаниясы жаңа iphone туралы әлі ешқандай ресми ақпарат таратпағанымен, әлемдік ақпарат көздері жаңа смартфонның дайын боп қалғаны туралы жазып жатыр. Кейбіреулері тіпті iphone 12 телефонының қашан ресми түрде жария болатынын да болжап қойған. Соларға сенсек, iphone 12 осы жылдың қыркүйегінде ресми түрде таныстырылады.

«Apple» 2020 жылдың наурызында iPad pro өнімі туралы таратқан ақпаратында біраз жаңа қол жеткізген технологиялар туралы жазып еді. Онда LiDAR сканері, студия микрафоны сияқты жетілдірілген функциялар айтылған. «LiDAR сканері айналадағы 5 метрге дейінгі заттардың қашықтығын өлшейді және үй ішінде де, сыртта да жұмыс істей береді. Ол фотон деңгейінде нано-секундтық жылдамдықта жұмыс істейді» делінген хабарламада.

Жаңа iPhone да осы технологияларды қолдануы әбден мүмкін. Болжам жасаған адамдар да жаңа iPhone ерекшеліктерін осы тізімнен іздеген.

iPhone 12 сипаттамалары

iPhone 12iPhone 12 MaxiPhone 12 ProiPhone 12 Pro Max
Бағасы$649, $749$749 / $849$999 / $1,099 / $1,299$1,099 / $1,199 / $1,399
Экраны5.4- дюйм Супер Retina OLED экран (BOE)6.1- дюйм Супер Retina OLED экран (BOE)6.1- дюйм Супер Retina OLED XDR экран (Samsung)6.7- дюйм Супер Retina OLED XDR экран (Samsung)
ПроцессорA14 BionicA14 BionicA14 BionicA14 Bionic
Жұмыс жадысы4GB4GB6GB6GB
Жады128GB, 256GB128GB, 256GB128GB, 256GB, 512GB128GB, 256GB, 512GB
КамераЕкі артқы камераЕкі артқы камераҮш артқы камера + LiDARҮш артқы камера + LiDAR
5G қызметіSub-6GHzSub-6GHzSub-6GHz, mmWaveSub-6GHz, mmWave
ҚаңқасыАлюминийАлюминийБолатБолат

Осы мәліметтерге қарасақ, жаңа смартфон алдыңғы 11 үлгісінен сәл қымбаттау болатын сияқты. Сыртқы қаңқасы да түгел металға ауысатын болыпты.

Iphone X және 11 сериаларынан бармақ ізі қорғанысын алып тастап еді. Керісінше оларда «Face ID», яғни, бет әлпетті сканерлеу арқылы жасалатын қорғаныс орнатылған. Енді жаңа iPhone 12 сериаларына бармақ ізі қорғанысы қайта қойылады деген сөз жүр.

Бұдан тыс жаңа смартфондар ашық көк, күлгін ашық қызғылт және сары түстерде шығады деген болжам да бар.

Күзге дейін әлі 3 ай уақыт бар. Сондықтан ресми жариялағанша бұл ақпараттарды тек болжам ретінде қабылдаймыз.  

Дайындаған – Б. Әліпбай.

Жауап жазу

Көмментарияны енгізіңіз
Мұнда атыңызды жазыңыз