ITЖаңалықтар

Енді WhatsApp-пен төлем жасай аласыз

15 маусым күні Facebook компаниясының басшысы Марк Цукерберг өзінің жеке парақшасында WhatsApp желісі арқылы төлем жасау қызметі іске қосылғанын жариялады. WhatsApp Мессенджерін Facebook компаниясы 2014 жылдың 19 ақпанында 21.8 миллиард АҚШ долларына сатып алған болатын.

Ол хабарламасында былай деп жазды:

«Бүгін біз Бразилияда WhatsApp қолданушылары үшін төлемдер қызметін бастаймыз. Біз ақша жөнелту мен қабылдауды  фотосуреттер жібергендей қарапайым етеміз. Сонымен қатар біз шағын бизнестердің WhatsApp арқылы сауда жасауына да мүмкіндік бермекпіз.

Бұл үшін біз “Facebook Pay” қызметін жалғасты дамытамыз. Ол біздің барлық бағдарламаларымыз арқылы төлемдер жасауымыз үшін қауіпсіздік пен тұрақтылық кепілі болмақ. Мен барлық серіктестерімізге осы қызметті іске қосуға ат салысқаны үшін рахмет айтамын. Біз жергілікті банктермен, соның ішінде Banco do Brasil, Nubank, Sicredi банктері және Бразилиядағы төлемдерді реттеуші көшбасшы Cielo-мен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бразилия – біз WhatsApp төлем қызметін кеңінен қосқан алғашқы ел. Тағы да жаңалық күтіңіздер!»

Фото WhatsApp blog-тан алынды

WhatsApp блогында бұл туралы толығырақ айтылған. Мессенджер арқылы төлем жасау үшін сіз Visa немесе Master дебит карточкаңызды тіркеуіңіз керексіз және сақтық үшін сізге 6 орынды пин код немесе бармақ ізін орнату керек. TechCrunch сайтының жазуы бойынша бұл төлем қызметі жеке тұлғалар үшін тегін болады. Ал шағын кәсіп иелері ақша қабылдау үшін төлем сомасының 3.99%-ын комиссия ретінде төлеуі керек.

Тағы айта кетейік, бұл қызмет қазір тек Бразилияда ғана іске қосылған.

Дайындаған – Әліпбай Б.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button