Categories Таң-тамаша

Ұшақта электронды құрылғылар неге өшіріледі?

Ұшақта жолаушылардан телефон және басқа да электронды құрылғыларын сөндіріп қою талап етіледі. Егер жолаушылар телефон немесе ноутбукты қолданып отырса, бортсеріктер оларды сөндіруді немесе ұшақ режиміне қоюды талап етіп, ескерту жасайтынын байқаймыз. Сонымен, адамдарда “Неліктен ұшақта телефонды қолдануға болмайды?” деген сұрақ туындайтыны сөзсіз.

Ұшақтағы және әуежайдағы қауіпсіздік шаралары өте маңызды мәселе. Портативті электрондық құрылғылар, оның ішінде ұялы телефондар әуе қатынасына, ұшақты басқаруға, навигациялық және борттағы басқа да электрондық жабдықтардың қалыпты қызметіне кедергі келтіреді. Бұның себебі, телефондар радиосигналдарды таратады. Қолданыстағы электроникалар авиациялық электромагниттік спектрдің диапазондарынан бөлек, өзге диапазонда жұмыс істейді. Алайда, техникалар әрдайым біз ойлағандай әрекет етпейді. Кейде істен шығып, ұшақ радиотолқындарына қосылып кетуі мүмкін. Бұл ұшақ құрылғыларының коммуникациясына әсер етеді.

Ұшақтағы құрылғылардың дәл ақпарат алмасуы қауіпсіздік үшін өте маңызды

Авиацияда ұшақтың барлық бөліктерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін ұшқыштарға және жердегі әуежай қызметкерлеріне дәл ақпарат жетуі қажет. Мамандардың пікірінше, сигналдар үзілген кезде навигациялық құрылғылар істен шығады. Ал сигнал қосылып құрылғылар қызметі қайтадан қалпына келгенше біршама уақыт кетеді. Бұл аса жоғары жылдамдықта ұшып бара жатқан ұшақ үшін өте қауіпті.

Сондықтан, ұшақпен саяхаттағанда өз қауіпсіздігіңізді ойлап телефоныңызды сөндіріңіз немесе ұшақ режиміне ауыстырып қойыңыз. Ұялы телефондар тарататын радиациялар адам ағзасына да зиянды. Одан сақтану үшін жатар кезде де телефоныңызды өшіріп немесе ұшақ режиміне ауыстырып қойғаныңыз абзал.

Мақаланы дайындаған – Өжет Мәуіт, физика PhD докторы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *