Жасанды қызыл қан жасушасы медицина саласында қолданысқа ие болмақ

Қызыл қан жасушалары эритроциттер деп те аталады. Олардың басты қызыметі өкпеден оттегін қабылдап оны адам денесінің басқа мүшелеріне жеткізіп беру. Еритроциттердің құрамында миллиондаған гемоглобулин атты ақуыздар болады. Қызыл қан жасушаларының оттегін қабылдауы осы гемоглобулин ақуызы арқылы іске асады, себебі аталмыш ақуыздар темір элементіне бай болатындықтан оттегін жабыстырып алу қасиетіне ие. Қызыл қан жасушаларының пішіні тоқаш тәрізді болады және олар өте жоғары икемділікке ие болғандықтан кішкентай капиллярдан (ұсақ қандатырдан) да сығылып өтіп әуелгі тоқаш пішініне қайтып келе алады.

АҚШ ғалымдар табиғый қызыл қан жасушасына ұқсас тіпті басқада жаңа қосымша қабілетке ие жасушаларды жасап шыққан. Жасанды қызыл қан жасушалардың көлемі, пішіні, оттегін тасымалдау, және ұзақ уақыт айналымда болу сияқты қасиеттері табиғый қызыл қан жасушаларына барыша ұқсатылып жасалған. Тәжірибе барысында олардың модел капиллярлардан да сәтті сығылып өтіп әуелгі қалпына қайтып келе алатындығы байқалған. Тауық эмбрионына және тышқанға жасалған тәжірибелерде жасанды жасушалар еш зиянды белгілер танытпаған, олар тіпті ұзақ уақыт айналыста жүру қабілетіне ие екендігін дәлелденген.

Жасанды қызыл қан жасушаларына басқада қосымша қабілеттер де берілген. Бір қызығы, бұл жасушаларды дәріні, магнитті нанобөлшектерді, және биосенсорларды емдік немесе диагностикалық мақсатта тасымалдау үшін де қолдануға болады екен.

Ғалымдар жаңа жасушалардың медицина саласында кең көлемде қолданысқа ие болатын потенциалы бар деп отыр.

Мақаланы дайындаған Бүркітқан Ақбайұлы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *