ЖаңалықтарМедицина

Назарбаев университетінде COVID-19-бен ауырғандардың ДНҚ-сына зерттеулер жүргізіледі

Назарбаев университетінің National Laboratory Astana ғылыми орталығы COVID-19-бен ауырғандардың ДНҚ-сын зерттеуді жоспарлап отыр деп хабарлай НУ-дың баспасөз орталығы.

Баспасөз жарияланымына қарағанда қазір сол зертхананың мамандары биоматериалды алу үшін хаттамалар жасап жатыр және ауруханаларда қан сынамаларын алуды да бастаған. Биоматериалдарды алу жұмыстары барлық инфекциямен жұмыс істеуге сертификат алған зертханаларда жүргізіледі.

National Laboratory Astana ғалымдары Қазақстанда COVID-19-бен ауырған адамдардың ДНҚ-сын және коронавирустың толық геномдарын секвенирлеу (ретін анықтау) жұмысын жүргізіп, инфекция процесінің клиникалық ағымы мен адам ағзасының жеке ерекшеліктерін анықтайды. Ал зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін National Laboratory Astana-да қажетті заманауи жабдықтардың бәрі бар және білікті мамандар да топтастырылған.

Геномдық және дербес медицина зертханасының жетекшісі, медицина докторы  PhD, Айнұр Ақылжанованың айтуы бойынша зерттеу жұмысы бірнеше басқыштан тұрады және НУ-дың бірқатар зертханасының бірлесе жұмыс істеуін қажет етеді.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button